БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 23659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қамтамасыз етеді.";
12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Кодекстің 40-бабына сәйкес өндірістік процестің маркерлік заттары.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жиырма минут ішінде орташаланған ластағыш заттардың концентрациясы миллиграмм қалыпты текше метрге (мг/нм3);";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін шекті эмиссиялар нормативі жобасына сәйкес нормаланатын ластағыш заттар шығарындыларының көрсеткіштерін өлшеуді және деректерді тіркеудің техникалық құралдарына үздіксіз беру және МЕМСТ 17.2.4.06 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының жылдамдығы мен шығынын анықтау әдістері"; МЕМСТ 17.2.4.07 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының қысымы мен температурасын анықтау әдістері", МЕМСТ 17.2.4.08 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының ылғалдылығын анықтау әдістерінің" талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Объект операторы "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне осы Қағидалардың 12, 13, 14 және 17-тармақтарына сәйкес әрбір 20 (жиырма) минут сайын орташаланған нақты эмиссиялар мен олардың параметрлері туралы дәйекті ақпаратты үздіксіз беруді қамтамасыз етеді. Объектінің операторына деректерді беруде ақаулар болған жағдайда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі арқылы кәсіпорынның электрондық поштасына қайта жіберіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жоспарлы ажырату кезінде объектінің операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарлы ажырату күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей аумақтық уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді (үзілістермен жүзеге асырылатын төгінділер кезінде төгінділер кестесі ұсынылады).
Штаттан тыс ажыратылған кезде оператор екі сағат ішінде жазбаша нысанда аумақтық уәкілетті органға қолжетімді коммуникация келесі ақпараттарды көрсетеді:
1) кәсіпорын атауы;
2) шығу көзінің атауы;
3) штаттан тыс ажырату күні мен уақыты;
4) ажырату себебі (белгілі болса).
Одан әрі штаттан тыс ажырату анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресми хабарлама жіберіледі.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Кодекстің 174-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау немесе жоспардан тыс тексеру жүргізуге:
1) күнтізбелік тәулік ішіндегі массалық концентрацияның орташаланған көрсеткіштерінің 1,5 (бір жарым) есе және одан да көп асуы келесі формула бойынша анықталады;
Со.т./ С норм ≥ 1,5
мұнда: Со.т. – орташа күнтізбелік тәуліктегі алынған концентрация көрсеткіші (мг/м3).
С норм – анықталған көрсеткішке бекітілген норматив (мг/м3),
Сонымен бірге, Со.т. келесі формула бойынша анықталады:
Со.т = ∑ C/n;
мұнда: С – күнтізбелік күндегі жиырма минуттағы орташа алынған көрсеткіштердің қосындысы (мг/м3),
n – күнтізбелік күндер үшін 20-минуттық өлшемдер саны;
2) деректердің осы Қағидаларда көзделген ажыратуды қоспағанда, мониторингінің автоматтандырылған жүйесімен Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай күйі туралы ұлттық деректер банкіне 24 (жиырма төрт) сағаттан астам берілмеуі негіз болады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша эмиссия нормативтерінің асып кетуі туралы ақпарат, ықтимал себептер бойынша ақпаратты қоса алғанда, дүркін шығарындылар туралы, кезең көрсетілген жабдықтың жұмысындағы ақаулар туралы ақпаратты объектінің операторлары бұзушылық орын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органға ұсынады.";
29-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ластағыш заттардың әрбір 20 (жиырма) минут үшін орташаланған өлшеу нәтижелері туралы ақпарат беруді қамтиды. Ақпарат жіберу "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 16777 болып тіркелген) №123 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";
30-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
3-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі