БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
57-тармақтың оныншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініштер мен құжаттарды ұсынған кезде оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдауды бастау туралы ақпаратты оператордың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, орындардың санын көрсете отырып, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі - Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесі) қалыптастырады және оны оператордың интернет-ресурсында жариялайды.
Оператор немесе жергілікті атқарушы орган бұрын орналастырған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бар, өтініште орта білім беру ұйымының объектілерін көрсеткен жекеменшік білім беру ұйымдары операторға осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсынбастан, Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізіледі.";
3-тарау мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:
"3-параграф. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
58-1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай дәйекті іс-қимылдар жолымен жүзеге асырылады:
1) білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің білім алушының атына осы Қағидалардың 58-3-тармағына сәйкес пайдаланылмаған бюджет қаражатын акцептсіз қайтаруды көздейтін бір банктік шотты және (немесе) электрондық әмиянды ашуы.
Осы тармақшада көрсетілген банктік шотты және (немесе) электрондық әмиянды ашу оператор орналастырған қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банктердің бірінде және (немесе) Ұлттық почта операторында жүзеге асырылады, оған сәйкес екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті білім алушыларға орта білім беру бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен жекеменшік білім беру ұйымдарына қолма-қол ақшасыз есептен шығаруға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;
2) білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі мен Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген жекеменшік білім беру ұйымы арасында білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасу;
3) оператордың білім алушылардың банктік шоттарына және (немесе) электрондық әмияндарына білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті білім алушыларға орта білім бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен жекеменшік білім беру ұйымдарына қолма-қол ақшасыз есептен шығаруға арналған бюджет қаражатын ай сайын аударуы;
4) білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан білім беру қызметтерінің нақты көрсетілген көлеміне сәйкес тиісті жекеменшік білім беру ұйымының шотына бюджет қаражатын қолма-қол ақшасыз есептен шығару.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы өзінің ақпараттық жүйесі және (немесе) мобильді қосымшасы арқылы білім алушыға не оның ата–анасына немесе өзге де заңды өкіліне ай сайын Жекеменшік білім беру ұйымының атауы және өзі көрсеткен білім беру қызметтері үшін осы жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына есептен шығарылатын бюджет қаражатының сомасы (бұдан әрі - банктің мектеп туралы ақпараты) туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі, сондай-ақ кәмелетке толған білім алушы банктің мектеп туралы ақпаратымен таныса отырып, қарсылық болған жағдайда екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесіне және (немесе) мобильді қосымшасына банктің мектеп туралы ақпаратымен келіспеу негіздемесі бар тиісті жазбаны банктің мектеп туралы ақпаратын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы оператор бекіткен нысан бойынша операторға қарсылық туралы мәліметтерді жібереді.
58-2. Оператор екінші деңгейдегі банктерден және (немесе) Ұлттық пошта операторынан қарсылық туралы мәліметтерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығы туралы тиісті жекеменшік білім беру ұйымының операторға 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығын теріске шығаруды;
2) білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің негізделген қарсылығымен келісуді беру үшін хабардар етеді.
Білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығымен келіскен жағдайда жекеменшік білім беру ұйымы негізсіз есептен шығарылған бюджет қаражатын білім алушының банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянына қайтарады.
Көрсеткен білім беру қызметтері үшін білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына білім алушының бюджет қаражатын есептен шығару білім алушы не оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жүргізіледі.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы тиісті күнтізбелік жылдың маусым, шілде және тамыз айларын қоспағанда, ай сайын операторға жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына өзі көрсеткен білім беру қызметтері үшін білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан бюджет қаражатын есептен шығару туралы ақпаратты оператор бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей жолдайды.
Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тараптардың өзара іс-қимыл жүргізу шарттары тиісті қосылу шартында қарастырылған.
58-3. Білім алушының банктік шотында және (немесе) электрондық әмиянында пайдаланылмаған бюджет қаражаты:
1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы оператордың талабында белгіленген мерзімдерде операторға акцептісіз қайтаруға жатады;
2) қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке акцептісіз қайтаруға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |