Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 505-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қазанда № 35315 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26942 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 570 бұйрығының 1-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 31 қазандағы
№ 505-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал);

      3) электрондық цифрлық қолтаңба-электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;

      4) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - www.elicense.kz) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуге және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкіметтің" құрамдас бөлігі болып табылатын ақпараттық жүйе.

      5) бірыңғай тізілім - осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тізбесі.

2 тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізу мерзімі есепке қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      8. Қазақстан Республикасында масс-медиа саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz Порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне басшының немесе оның орынбасарларының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      11. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, масс-медиа саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 31 қазандағы
№ 505-НҚ
Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын
есепке алу қағидаларына
1-қосымша
  _______________
(Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді
басылымдарды есепке алу
туралы анықтама беретін
органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды сұраймын.

      Таратушының деректері:

      _________________________________________________________________

      ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды

      тұлғаның атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН),

      тіркеу құжатының нөмірі және берілген күні)

      _________________________________________________________________

      (тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары,

      электрондық мекенжайы)

Р/с№

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын тарату аумағы

Таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары ның тілі (тілдері)

Негізгі тақырып тық бағыты

Мерзімділігі

Таратыл атын даналар дың болжамды саны

1.







2.







      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңына сәйкес пайдалануға келісемін.

      _________ 20 _____ жылғы "__" _____________

      (бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы)

      Мөр орны __________ 20___ жылғы "___" ________

      (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 31 қазандағы
№ 505-НҚ
Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке алу
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет": www. egov. kz, www. eli cens e. kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі –10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www. mam. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Об утверждении Правил осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 31 октября 2024 года № 505-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 октября 2024 года № 35315.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", подпунктом 26) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 25 февраля 2022 года № 50 "Об утверждении Правил осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан и внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 2 апреля 2020 года № 101 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в области информации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 26942);

      2) пункт 1 приказа исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 570 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра информации и общественного развития Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 31495).

      3. Комитету информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 31 октября 2024 года
№ 505-НҚ

Правила осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан" (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", подпунктом 26) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 и определяют порядок осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) услугополучатель – физические и юридические лица, за исключением центральных государственных органов, загранучреждений Республики Казахстан, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов (далее – услугополучатель);

      2) веб-портал "электронного правительства" – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме (далее – Портал);

      3) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

      4) государственная информационная система разрешений и уведомлений (далее- www.elicense.kz) – информационная система, являющаяся компонентом "электронного правительства", предназначенная для осуществления в электронном виде лицензирования, разрешительных процедур в части получения разрешения с присвоением идентификационного номера, направления уведомления заявителем и обеспечения этих процессов.

      5) единый реестр - перечень поставленных на учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан содержащее сведения предусмотренные в Приложении 1 настоящих правил.

Глава 2. Порядок осуществления учета иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан

      3. Учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан, осуществляется Комитетом информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      4. Учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан, осуществляется на основании заявления услугополучателя.

      5. Учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан, осуществляется путем постановки на учет в рамках оказания государственной услуги в порядке предусмотренном в Главе 3 настоящих Правил.

      6. После осуществления постановки на учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан сотрудник ответственного структурного подразделения услугодателя, вносит в единый реестр сведения о поставленных на учет иностранных периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Республики Казахстан.

      7. Срок внесения в единый реестр сведений о поставленных на учет иностранных периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Республики Казахстан, составляет 5 рабочих дней со дня постановки на учет.

Глава 3. Порядок оказания государственной услуги

      8. Для получения государственной услуги физические и (или) юридические лица осуществляющие деятельность по предоставлению услуг в области масс-медиа в Республики Казахстан (далее – услугополучатель) направляют услугодателю через Портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz, заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, а также документы указанные в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Постановка на учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан" (далее – Перечень) согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием, регистрацию и передает на исполнение ответственному структурному подразделению. При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      9. Сотрудник ответственного структурного подразделения услугодателя в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов, проверяет полноту представленных документов.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, документ подтверждающий оплату услугодатель получает из Портала.

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия сотрудник ответственного структурного подразделения в указанные сроки отказывает в дальнейшем рассмотрении заявления в форме электронного документа подписанный электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) руководителя или его заместителей уполномоченного органа и направляет заявителю в личный кабинет Портала.

      10. При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также о времени и месте (способе) проведения заслушивания для предоставления услугополучателю возможности выразить позицию по предварительному решению.

      Услугодатель уведомляет услугополучателя о заслушивании не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления в соответствии с пунктом 1 статьи 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      По результатам заслушивания услугодатель формирует справку об учете иностранных периодических изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан, либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги.

      Результат оказания государственной услуги направляется в личный кабинет услугополучателя на Портале в форме электронного документа, подписанного ЭЦП руководителя, или его заместителей.

      11. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по основаниям, изложенным в пункте 9 Перечня.

      12. При внесении изменений и (или) дополнений в Правила услугодатель направляет оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", в Единый контакт-центр и услугодателю информацию о таких изменениях и (или) дополнениях в течение 3 (трех) рабочих дней с даты утверждения.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центральных государственных органов, услугодателя и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      11. Рассмотрение жалобы на решение, действия (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственной услуги, производится должностным лицом, вышестоящим уполномоченным органом в области масс-медиа, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуется, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам постановки
на учет иностранных
периодических печатных изданий,
распространяемых на территории
Республики Казахстан
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 31 октября 2024 года
№ 505-НҚ
  __________________________
(полное наименование органа,
выдающего справку об учете
иностранных периодических
изданий распространяемых
на территории
Республики Казахстан)

Заявление

      Прошу Вас поставить на учет иностранные периодические печатные издания,
распространяемые на территории Республики Казахстан.
Данные распространителя:
___________________________________________________________________
(наименование индивидуального предпринимателя/юридического лица
с указанием организационно-правовой формы)
___________________________________________________________________
(индивидуальный идентификационный номер (ИИН), бизнес- идентификационный
номер (БИН), номер и дата выдачи регистрационного документа)
___________________________________________________________________
(место регистрации, фактический адрес, контактные телефоны, электронный адрес)

№ п/п

Перечень названий иностранных периодических печатных изданий

Территория распространения иностранных периодических печатных изданий

Язык (языки) распространяемых иностранных периодических печатных изданий

Основная тематическая направленность

Периодичность

Предполагаемое количество распространяемых экземпляров

1.







2.







      Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах в соответствии с Законом РК "О персональных данных и их защите".
____________ "___"_________20____г.
(подпись первого руководителя/индивидуального предпринимателя)
Место печати "___" ___________ 20__ г.
(при наличии)

  Приложение 2
к Правилам постановки на учет
иностранных периодических
печатных изданий,
распространяемых на территории
Республики Казахстан
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 31 октября 2024 года
№ 505-НҚ

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Постановка на учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан"

1

Наименование услугодателя

Комитет информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

2

Способы предоставления государственной услуги (каналы доступа)

Прием заявлений и выдача результатов осуществляется посредством веб-портала "электронного правительства": www.egov.kz, www.elicense.kz.

3

Срок оказания государственной услуги

Срок оказания – 10 (десять) рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная).

5

Результат оказания государственной услуги

Справка об учете иностранных периодических изданий, распространяемых на территории Республики Казахстан либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам.

7

График работы

1) портал – круглосуточно за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем;
2) услугодатель - с понедельника по пятницу включительно с 9:00 часов до 18:30 часов, с перерывом на обед с 13:00 часов до 14:30 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан".
Адреса оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства: www.mam.gov.kz, в разделе "Государственные услуги".

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) сведения о данных документа, удостоверяющего личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
Статус о принятии запроса на государственную услугу направляется услугополучателю через портал на "личный кабинет".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, настоящих Правил;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель получает информацию о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.mam.gov.kz, в разделе "Государственные услуги", единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.