ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 қазандағы № 499-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
2) бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар – қаражат мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамытуға, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайтуға және қорғауға беріледі;
3) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
4) грант алушы – уәкілетті органда мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге грант алған жеке және (немесе) заңды тұлға;
5) гранттар мониторингі – мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының гранттарды іске асыруы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
6) конкурс – осы Қағидаларға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру үшін жеңімпазды айқындау процесі;
7) қысқа мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар;
8) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;
9) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) мемлекеттік ақпараттық саясат – мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау болып табылатын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қанағаттандыратын ақпаратты жасауға және таратуға бағытталған мемлекеттік шаралар кешені;
11) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы – жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан кем дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы;
12) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге гранттар беруді ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – масс-медиа саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;
13) мүдделер қақтығысы – комиссия мүшесінің жеке мүддесі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;
14) синопсис – жобаның өзіндік ойы мен идеялығын, сондай-ақ оның тақырыптық бағытқа (идеологиялық міндетке) және үміткердің аудиториялық көрсеткіштеріне сәйкестігін көрсететін мазмұнын баяндау (бір бет шегінде);
15) тақырыптық бағыттардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) – оған сәйкес мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізілетін тақырыптық желілердің тізбесі;
16) ұзақ мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар;
17) үміткер – уәкілетті органда мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі грантты алуға өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары
3. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан қызметі Заңға сәйкес уәкілетті орган бекітетін Республикалық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатын Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады.
4. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қарашаға дейін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық желілерінің тізбесіне ұсыныстар жібереді.
5. Уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста бекітілген республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін жариялайды.
6. Уәкілетті орган республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне өзгерістер енгізілген жағдайда, жеті жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста тиісті өзгерістерді жариялайды.
7. Республикалық комиссия республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың тақырыптық бағыттарын және олар бойынша қаржыландыру көлемдерін айқындайды және бекітеді.
3-тарау. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге гранттар беру тәртібі
8. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге гранттар мынадай субъектілер түрлеріне:
1) мерзімді баспа басылымдарына;
2) теле -, радиоарналарға;
3) интернет-басылымдарға беріледі.
9. Ұйымдастырушы мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсының өткізілетін күніне дейін он бір жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын қоса бере отырып және бөлінетін гранттардың түрін көрсете отырып, ресми интернет-ресурста оны өткізу туралы ақпараттық хабарды орналастырады.
10. Конкурсқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде сағат 17:00-ге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға арналған құжаттар тізбесін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) ұсынады.
Үміткер қоса берілген құжаттардың төлнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
11. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды. Егер өтінім салынған конвертте оны берген адам туралы ақпарат, сондай-ақ пошталық мекенжайы көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы аталған өтінімді үміткерге қайтарады.
Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды және күнтізбелік жыл ішінде сақталуы тиіс.
12. Ұйымдастырушы:
1) қатысуға өтінімдері бар конверттерді қабылдайды;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны кері қайтарып алған жағдайда, қатысуға өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
13. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер жазбаша түрде кері қайтарылып алынуы мүмкін. Конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама үміткер қол қойған және мөрмен (бар болған кезде) бекітілген ұйымдастырушының атына еркін өтініш түрінде ресімделеді.
14. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімді ұсыну мерзімі өткеннен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
15. Республикалық комиссия өтінімдер бар конверттерді бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабарда көрсетілген мерзімде және орында алған жағдайда, өтінімдер бар конверттерді ашады және ашу хаттамасын ресімдейді.
16. Қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен қатысып отырған мүшелері қол қояды.
17. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар тізбесінің осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкестігі тексеріледі.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
18. Өтінім мен құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келмеген жағдайда, ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, хабарлама жібереді.
Үміткер хабарламаға сәйкес пысықталған өтінім мен құжаттар тізбесін оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
19. Бұрын ұсынылған өтінімге және құжаттар тізбесіне хабарламада көрсетілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.
20. Ұйымдастырушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін қабылдайды, сондай-ақ Республикалық комиссияның қарауына береді.
Хабарлама бойынша өтінім мен құжаттар тізбесі пысықталмаған жағдайда, өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады.
21. Барлық өтінімдер мен құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
22. Үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін алған кезде Республикалық комиссия екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады, онда конкурсқа қатысуға жіберілген, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда белгіленген өтінім мен құжаттар тізбесін берген және осы Қағидалардың 20-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша жіберілмеген үміткерлерді айқындайды.
23. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды.
24. Уәкілетті орган қызметі Заңға сәйкес айқындалатын ережеге сәйкес жүзеге асырылатын тәуелсіз сараптама комиссиясын (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) құрады.
25. Уәкілетті орган қызметі Заңға сәйкес айқындалатын ережеге сәйкес жүзеге асырылатын гранттарды бөлу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия) құрады.
26. Сараптама комиссиясы конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, отырыста осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындау үшін балдық бағалау бойынша грантты алуға үміткерлерді бағалайды.
27. Уәкілетті органның жанындағы Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия Сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру туралы шешім қабылдайды.
28. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындау үшін балдық бағалауға сәйкес грантты алуға үміткердің шығармашылық ұсынысы жеңімпазды айқындау үшін шешуші өлшемшарт болып табылады.
Шығармашылық ұсыныстың мәлімделген тақырыптық бағыттарға сәйкес келмеуі грант беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
29. Балдық бағалау нәтижелері бойынша Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия мерзімді баспасөз басылымдары мен интернет-басылымдар арасында бір тақырыптық бағыт бойынша мемлекеттік гранттың көлемін бір және/немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге бөледі.
Балдық бағалау нәтижелері бойынша Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия теле-, радиоарналар арасында бір тақырыптық бағыт бойынша республикалық тапсырыстың көлемін бір үміткерге бөледі.
Мерзімді баспасөз басылымдары мен интернет-басылымдар арасындағы мемлекеттік грант балдық бағалауға сәйкес бір тақырыптық бағыт жеңімпаздары арасында әрбір жеңімпаздың жинаған балына пайыздық қатынаста бөлінеді.
30. Сараптама комиссиясының қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері отырыста мемлекеттік гранттарды бөлу қорытындыларының алдын ала хаттамасын қалыптастырады және оған қол қояды.
Ұйымдастырушы грантты алмаған үміткерлерге қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін алты жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылардың алдын ала хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, грантты бөлуден бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.
31. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұрын хабарлама жіберілген электрондық мекенжайға қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарын ұсынады.
32. Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде ұйымдастырушы бір жұмыс күні ішінде алынған қарсылықтарды Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.
Республикалық комиссия қорытындылардың алдын ала хаттамасына келіп түскен қарсылықтарды қарап, екі жұмыс күні ішінде Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия үшін осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес ұсыныстар әзірлейді.
33. Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Республикалық комиссияның ұсынысын ескере отырып, мынадай шешімдер қабылдайды:
1) үміткерлерден қорытындылардың алдын ала хаттамасына негізделген қарсылықтар келіп түскен жағдайда, қорытындылар хаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамаудың негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарды қабылдамайды.
34. Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасы ресімделеді.
35. Қорытындылардың хаттамасына отырыста Гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
36. Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздарымен қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуына арналған шарт жасалады.
Іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын ұзақ мерзімді гранттар шарттары тиісті гранттар конкурсы қортындыларының хаттамасы негізінде кейінгі жылдарға жасалуға жатады.
37. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсы мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
2) егер конкурсқа қатысуға бірде бір үміткер жіберілмеген болса, өтпеген деп танылады.
38. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсы өтпеді деп жағдайда, ұйымдастырушы осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттық конкурсты қайтадан өтпеген жүзеге асырады.
39. Пайдалануға берілген күннен бастап гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу бірыңғай медиаплатформа ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
40. Уәкілетті орган грант алушылардың гранттарды іске асыруына мониторинг жүргізеді.
4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуын мониторингтеу
41. Уәкілетті орган осы Қағидаларға және бұқаралық ақпарат құралдары үшін грант беру туралы жасалған шартқа сәйкес, оның ішінде Сараптама комиссиясының мүшелерін тарта отырып, бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
42. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуын мониторингтеуді уәкілетті орган грант алушы ұсынған оның іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау арқылы жүзеге асырады.
43. Іске асыру кезінде мониторинг жүргізудің кезеңділігі бұқаралық ақпарат құралдары үшін грант беру шартында көрсетіледі.
44. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуын мониторингтеу өзіне:
1) бұқаралық ақпарат құралдары үшін грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге қол жеткізуді;
2) есептерде және өзге де құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығы мен толықтығын қамтиды.
45. Мониторингті толық және сапалы жүргізу үшін уәкілетті орган мынадай құралдарды:
1) құжаттаманы зерделеуді;
2) жарияланымдарды зерделеуді;
3) әлеуметтік желілердің мониторингін;
4) аудиовизуалды туындыларды зерделеуді пайдаланады.
Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсын орналастыру туралы ақпараттық хабар
________________ (ұйымдастырушының толық атауы) ________________ (субъектінің атауы) арасында республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер ________________ (ұйымдастырушының толық мекенжайы) мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе ________ жылғы сағат ________ дейін қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына ______________ мекенжай бойынша (мекенжайын толық көрсету) ______________ (күні мен уақытын көрсету) ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға ______________ (атауы) деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (конкурстың атауын көрсету) КОНКУРСҚА" және "(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін Республикалық комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінім беру қажет. Өтінімге Қағидаладың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке тұлғалар үшін): ______________________;
2. Орналасқан жері: ________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым): _____________________________________.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспасөз басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-басылымдар үшін): _________________________________________.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер үміткер қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда).
7. Өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы ________________________________.
8. Электрондық мекенжайы _________________________________.
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
мөрдің орны (бар болған кезде)
20__ жылғы "__" ____________
Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының Қазақстан Республикасының аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторы анықтама берген күннің алдындағы бір айдан астам уақытқа созылатын аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша телеарнаны таратқаны үшін Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторына мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтама;
3) қағаз тасығышта таныстырылым түрінде шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;
4) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;
6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдық бағалауда көзделген жанрлар бойынша телеарнаның меншікті аудиовизуалды өнімінің рейтингі бойынша телеөлшеулер жүргізетін тәуелсіз компанияның растау хаты;
7) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
8) тақырыптық бағыттарға сәйкес қағаз тасығышта таныстырылым түрінде грантты орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
2. Радиоарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының Қазақстан Республикасының аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымының болуын не болмауын растайтын құжат;
3) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) қағаз тасығышта таныстырылым түрінде шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;
5) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) тақырыптық бағыттарға сәйкес қағаз тасығышта таныстырылым түрінде грантты орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету сипаттамасының ауқымын, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қамтитын ақпаратты үміткер дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспасөз басылымдары үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспасөз басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің интернет-басылымының болуын растайтын құжат;
4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, газеттің әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын журналдың интернет-басылымының болуын не болмауын растайтын құжат;
6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әртүрлі әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
8) қағаз тасығышта таныстырылым түрінде тақырыптық бағыттарға сәйкес жариялау тәсілдерін, жанрының алуан түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
4. Интернет-басылымдар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (болған болған кезде) куәландырылады;
2) арнайы веб-ресурстан интернет-басылымның мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оның өзінің интернет-басылымында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) қағаз тасығышта таныстырылым түрінде тақырыптық бағыттарға сәйкес жариялау тәсілдерін, жанрының алуан түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік емес телеарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
1-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарнаның хабар таратуын қамту | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 40% - ға дейін - 2 | |||
41%- дан 60% - ға дейін - 3 | |||
61%- дан 80% - ға дейін - 4 | |||
81% және одан жоғары - 5 | |||
2 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1 адамнан 10 адамға дейін - 1 | |
11 адамнан 20 адамнға дейін - 2 | |||
21 адамнан 30 адамға дейін - 3 | |||
31 адамнан 40 адамға дейін – 4 | |||
41 және одан көп адам - 5 | |||
3 | Өз өндірісіндегі контенттің хабар таратуының апта сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
4 | Телеарнаның өзінің аудиовизуалды өнімдерінің рейтингі (жанр бойынша) | Көркемдік бағдарламалар |
<0,10 - 1 |
Ойын-сауық бағдарламалары |
<0,11 - 1 | ||
Ақпараттық бағдарламалар |
<0,15 - 1 | ||
Әлеуметтік-саяси бағдарламалар |
<0,02 - 1 | ||
Гуманитарлық және танымдық бағдарламалар | < 0,5 – 1 ≥ 0,5 - 2 | ||
5 | Шығарылған аудиовизуалды өнім | Телесериалдар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Деректі фильмдер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бейнероликтер |
1-ден 10-ға дейін – 1 | ||
6 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 100 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
100 001-ден 300 000-ға дейін жазылушы – 2 | |||
300 001-ден 800 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
800 001-ден 1 000 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
1 000 001 және одан да астам жазылушы – 5 | |||
7 | Аудиовизуалды өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
1-тармақта Аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарналардың хабар таратуын қамту әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы көп сол алынады.
3-тармақта өзі өндіретін контенттің апта сайынғы хабар тарату көлемі әртүрлі болған жағдайда, есепке соңғы екі тоқсандағы орташа арифметикалық мән алынады.
4-тармақта телеарнаның өзінің аудиовизуалды өнімдерінің (жанр бойынша) рейтингіне әрбір бағалау өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша телеарнаның өзінің аудиовизуалды өнімінің (жанр бойынша) рейтингі болмаған кезде нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша ортақ баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
5-тармақта шығарылған аудиовизуалды өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудиовизуалды өнім болмаған кезде нөл балл беріледі. 5-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
6-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы көп сол алынады.
Мемлекеттік емес радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
2-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Аналогтік эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында радиоарнаның хабар таратуын қамту | 1 % - дан 10 % - ға дейін - 1 | |
11 % - дан 15 % - ға дейін - 2 | |||
16 % - дан 30% - ға дейін - 3 | |||
31 % - дан 40% - ға дейін - 4 | |||
41 % және одан жоғары - 5 | |||
2 | Радиоарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
3 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 1 000 жазылушыға дейін - 1 | |
1 001 - ден 3 000 жазылушыға дейін - 2 | |||
3 001-ден 8 000 жазылушыға дейін - 3 | |||
8 001-ден 10 000 жазылушыға дейін – 4 | |||
10 001 және одан да астам жазылушы - 5 | |||
4 | Шығарылған аудио өнім | Радиобағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Аудиожинглер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
5 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 10 адамға дейін - 1 | |
11-ден 15 адамға дейін – 2 | |||
16-дан 20 адамға дейін – 3 | |||
21-ден 30 адамға дейін – 4 | |||
31 және одан да астам адам – 5 | |||
6 | Аудио өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
3-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы көп сол алынады.
4-тармақта шығарылған аудио өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаған кезде нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
Мемлекеттік емес мерзімді баспасөз басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау
3-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Газет таралымы | 1000-нан 3000 данаға дейін - 1 |
3001-ден 10 000 данаға дейін - 2 | ||
10 001-ден 20 000 данаға дейін - 3 | ||
20 001-ден 30 000 данаға дейін – 4 | ||
30 001 дана және одан жоғары - 5 | ||
2 | Газеттің әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 5 000-ға дейін жазылушы - 1 |
5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
10 001-ден 15 000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
15 001-ден 20 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
20 001 және одан жоғары - 5 | ||
3 | Газеттің шығару мерзімділігі | аптасына 1 рет - 1 |
аптасына 2 рет - 2 | ||
аптасына 3 рет - 3 | ||
аптасына 4 рет - 4 | ||
аптасына 5 және одан да көп - 5 | ||
4 | Журнал таралымы | 100-ден 2 000 данаға дейін - 1 |
2 001-ден 3 000 данаға дейін - 2 | ||
3 001-ден 4 000 данаға дейін - 3 | ||
4 001-ден 5 000 данаға дейін – 4 | ||
5 001 және одан да көп дана - 5 | ||
5 | Журналдың интернет-басылымы | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
6 | Журналдың әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | әлеуметтік желілер жоқ - 0 |
1-ден 300 жазылушыға дейін - 1 | ||
301-ден 500 жазылушыға дейін - 2 | ||
501-ден 1000 жазылушыға дейін - 3 | ||
1001 жазылушы және одан да жоғары – 4 | ||
7 | Журналдың шығару мерзімділігі | тоқсанына 1 рет - 1 |
2 айда 1 рет - 2 | ||
айына 1 рет - 3 | ||
айына 2 рет - 4 | ||
айына 3 рет - 5 | ||
8* | Мерзімді баспа басылымын есепке қою немесе қайта есепке қою мерзімі | 1 жылдан 3 жылға дейін – 1 |
4 жылдан 6 жылға дейін – 2 | ||
7 жылдан 9 жылға дейін – 3 | ||
10 жылдан 12 жылға дейін - 4 | ||
13 жыл және одан жоғары - 5 | ||
9* | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығы) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
10* | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
* газеттер мен журналдарға қолданылады;
1 және 4-тармақтарда мерзімді баспасөз басылымы таралымының саны әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы аз сол алынады.
2 және 6-тармақтарда әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы көп сол алынады.
8-тармақта мерзімді баспасөз басылымы қайта есепке қойылған жағдайда, есепке бастапқы есепке қою күні алынады.
Мемлекеттік емес интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
4-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Кірушілер саны (бірегей пайдаланушылар) | айына 1-ден 500 000-ге дейін - 1 |
айына 500 001-ден 1 000 000-ға дейін - 2 | ||
айына 1 000 001-ден 2 000 000-ға дейін- 3 | ||
айына 2 000 001-ден 5 000 000-ға дейін – 4 | ||
айына 5 000 001 және одан жоғары- 5 | ||
2 | Мобильді қосымшаның болуы не болмауы | жоқ-0 |
бар-1 | ||
3 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан жоғары - 5 | ||
4 | Бейне өнім шығарудың техникалық мүмкіндігі | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
5 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 50 000 жазылушыға дейін – 1 |
50 001-ден 100 000 жазылушыға дейін – 2 | ||
100 001-ден 200 000 жазылушыға дейін – 3 | ||
200 001-ден 500 000 жазылушыға дейін – 4 | ||
500 001 жазылушы және одан жоғары – 5 | ||
6 | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болған жағдайда, есепке қайсысы көп сол алынады.