"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-36) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Есимханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 392 бұйрығымен бекітілген |
Электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-36) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдігі;
3) инвестициялық бағдарлама – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолданыстағы деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық әсерлерді алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, қолдауға және жаңа активтерін құруға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) инвестициялық жоба – субсидия алушыда қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, ұстап тұруға және жаңа активтерді құруға бағытталған жоба;
5) кредиттік шарт – халықаралық қаржы ұйымы мен субсидия алушы арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт;
6) өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;
7) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) субсидия алушы – табиғи монополия субъектісі болып табылатын электр энергиясын беру саласындағы ұйым;
9) субсидиялау – халықаралық қаржы ұйымдарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге субсидия алушыға республикалық бюджеттен қайтарылмайтын төлемдерді беру;
10) субсидиялауға өтінімдерді қарау бойынша комиссия – электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауға жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
11) тарифтік смета – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтері кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі;
12) үш жақты келісім (шарт) – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен немесе субсидия алушымен және халықаралық қаржы ұйымымен қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы жасасатын келісім (шарт);
13) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі – ХҚҰ) – қарыз және (немесе) кредит түрінде заңды тұлғаларға қаржылық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.
3. Субсидия беру үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдар, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қоғамдық кеңесінің, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері енгізуімен, құрамында кемінде 7 (жеті) адам болатын комиссия құрады.
Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
Комиссия хатшысы республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша, отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса отырысқа қатыспайды және қарсылық білдіреді (өздігінен бас тартуға).
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
2-тарау. Электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидиялар алуға арналған шарттар
4. Субсидиялау қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық ставкасын өтеу бойынша субсидия алушылардың шығындарын кейіннен субсидиялау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер беру арқылы жүзеге асырылады.
5. Субсидиялар мынадай өлшемшарттар сақталған кезде беріледі:
1) субсидия алушы – табиғи монополия субъектісі болып табылады;
2) субсидия алушыда кредиттік шарттың болуы;
3) үш жақты келісімнің (шарттың) болуы.
4) негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге бекітілген тарифтік сметаларда көзделген шығындардың болмауы немесе жеткіліксіздігі;
5) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі, (әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қосылатын тұтынушылар санын ұлғайту, жұмыс орындарын (уақытша, тұрақты) құру, электр, жылу, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы мен авариялылығын азайту, тұтынушылардан алынатын дебиторлық берешекті қысқарту, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау.
6. Субсидияларды ұсыну МҚҰ кредит қаражатын алғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардыың негізінде жүргізіледі.
7. Субсидия алушы:
1) дұрыс және негізделген есептеулердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) қаражатты МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге пайдаланады;
3) қарыз мерзімі ішінде ХҚҰ қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстарды көздейтін тарифтік сметаны қоса беріп, оның қолданылу мерзімі өткен соң тарифті бекітуге табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган) аумақтық бөлімшесіне өтінім беруді қамтамасыз етеді.
8. Субсидиялар мерзімі өткен несие берешегі бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі өзге де шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатына, шаруашылық қызметінің шығындарын және субсидия алушының салық міндеттемелерін жабуға берілмейді.
9. Тарифтік сметаларда бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге қаражат көзделмеген кезде, бөлінетін субсидиялардың мөлшері бұрын бекіткен тарифтік сметаның және қолданыстағы тарифтік сметаның шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тарифтік сметаларда бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге қаражат көзделмеген кезде, субсидия мөлшері субсидия алушының бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге көзделген шығындар деңгейінде айқындалады.
Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялардың жалпы сомасы халықаралық қаржы ұйымының қарызы бойынша негізгі борыш сомасынан аспауы керек.
10. Табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган субсидиялардың қажетті көлемін азайтуға әсер ететін халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарды көздейтін тарифтік сметаны бекіткен жағдайда, бұрын мақұлданған субсидиялар сомасы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен субсидия алушының өтінім беруі арқылы қайта қаралады.
2-параграф. Субсидиялар беру
11. Субсидия алушы субсидия алу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттар жібереді:
1) субсидия алушының бірінші басшысы қол қойған ілеспе хат (еркін нысанда);
2) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген субсидияларды ұсыну қажеттілігі туралы түсіндірме жазба (ХҚҰ-мен жүргізілетін жұмыс туралы ақпаратпен, көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің шамасын талдаумен бірге);
3) кредиттік шарттың көшірмесі (өтеу графигімен бірге);
4) үш жақты келісімнің көшірмесі;
5) электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
6) ХҚҰ-мен келісілген тиісті кезеңге негізгі борышты өтеудің пайыздық мөлшерлемесіне қызмет көрсету есептері;
7) бұрын бекітілген тарифтер мен тарифтік сметалар бұйрықтарының көшірмелері;
8) бекітілген инвестициялық бағдарламалар бұйрықтарының көшірмелері;
9) соңғы 3 (үш) жылдағы тарифтік сметалардың орындалуы туралы есеп;
10) кредиттік шарттың қолданылу кезеңінде инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп;
11) есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Мәліметтерді алу күні өтінім жіберілген күнге дейін үш айдан аспауға тиіс.
Субсидияны әлеуетті алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын жағдайда, соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі ұсынылады.
Жоғарыда аталған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мөрмен (ол субсидия алушыда болған кезде) және субсидия алушы басшысының (немесе оны алмастыратын тұлғаның) қолымен куәландырылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға субсидия алушының бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен (ол субсидия алушыда болған кезде) куәландырылады.
12. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидия алушыдан өтінім алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар құрамының толықтығын және дұрыс толтырылуын тексереді.
Құрамы толық болмаған және (немесе) дұрыс толтырылмаған құжаттар ұсынылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ескертулер толық жойылғанға дейін, қайтару себептерін көрсете отырып құжаттарды субсидия алушыға жазбаша түрде қайтарады.
Субсидия алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне құжаттарды қайта қарауға жолдайды.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық құрамы ұсынылған және дұрыс толтырылған кезде, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өтінім тіркелген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жолдайды.
13. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінім түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді комиссия қарауына шығарады.
14. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидия алушылардың есеп айырысуларына объективті және жан-жақты бағалау жүргізеді және субсидияларды бөлутуралы ұсынымдар шығарады.
15. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс тобы отырысының оң немесе теріс ұсыныстары бар хаттамасы (еркін нысанда) ресімделеді.
Субсидиялар алушының ХҚҰ заемдарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есептеулері сәйкес келмеген жағдайда, комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасы қалыптастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қайтару себептерін көрсете отырып, ескертулерді толық жою үшін субсидия алушыға хабарлама жолдайды.
Субсидия алушы хабарлама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және комиссия хатшысына құжаттарды осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзімдерде қайта қарастыруға жолдайды.
16. Комиссиямен жолданған ескертулерді жоймаған немесе құжаттарды комиссияға қайта қарастыруға енгізбеген немесе осы қағидалардың 15-тармағының екінші бөлігіне сәйкес енгізу мерзімдерін бұзған кезде, комиссия теріс ұсыныстары бар тиісті хаттаманы ресімдеумен субсидия алушының есептеулерін қарастыруды доғарады.
17. Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бір) жұмыс күні ішінде оң немесе алдын ала теріс, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес теріс шешім қалыптастырады.
18. Оң шешім болған кезде республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі:
субсидия алушыға және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде комиссия отырысының хаттамасының көшірмесімен қоса хабарлама жолдайды;
субсидия алушыға хабарлама жолданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінім қалыптастырады және бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
19. Алдын ала теріс шешім болған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі субсидия алушыға алдын ала теріс шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы субсидия алушыға алдын ала теріс шешім қалыптастырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде, бірақ теріс шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша:
оң шешім қабылданған кезде, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 18-тармағымен көзделген шараларды қабылдайды;
теріс шешім қабылданған кезде республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі алдын ала теріс шешімге тыңдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия алушыға және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жазбаша түрде хабарлама жолдайды.
20. Комиссияның оң шешімі бар кезде, субсидия беруге теріс шешім беру себептері:
кредиттік шартты бұзу;
қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған ХҚҰ заемдарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған субсидияларды бөлуге шығындарды қаржыландыруға республикалық бюджеттік комиссияның теріс шешімі;
қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған ХҚҰ заемдарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған субсидияларды бөлуге шығындарды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы бекітілген Қазақстан Республикасының Заңында болмауы болып табылады.
21. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік өтінімді қарастыруды, бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
22. Бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінімді қарастырудың теріс шешімі болған кезде, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдаралама әкімшісіне және субсидия алушыға жазбаша түрде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, республикалық бюджеттік комиссиямен қарастыру туралы материалдарды қоса беріп хабарлама жолдайды.
23. Қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған ХҚҰ заемдарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған субсидияларды бөлуге шығындарды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы бекітілген Қазақстан Республикасының Заңында болмаған жағдайды, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдаралама әкімшісіне және субсидия алушыға жазбаша түрде хабарлама жолдайды.
24. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаражат беру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
25. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нысаналы трансферттер түрінде қаражатты ХҚҰ заемдарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеу арқылы субсидия алушылардың шығындарын кейіннен субсидиялау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіпте жібереді.
26. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіппен тиісті кезеңге бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) бекіткен, ХҚҰ келісілген субсидия алушының есептеулері және ХҚҰ төлем шоттары негізінде субсидиялау шартына сәйкес субсидия төлеуді жүргізеді.
Өткен қаржы жылында бюджет қаражаты пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған кезде, жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін жоғары тұрған бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
27. Субсидия алушы жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінен субсидия алу кезінде МҚҰ төлем шотында көрсетілген мерзімде МҚҰ төлемін жүргізеді.
28. Бөлінген субсидияларды нысаналы пайдалану бойынша есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.