ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.12.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есептің нысаны;
21) осы қаулыға 20-1-қосымшаға сәйкес өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
22) осы қаулыға 20-2-қосымшаға сәйкес нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
23) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Екiншi деңгейдегi банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 21) және 22) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Есепті аптада күнтізбелік ай аяқталған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген есептілік аяқталатын айға жататын есепті аптаның күнтізбелік күндері үшін және аяқталатын айдан кейінгі айдың есепті аптасының күнтізбелік күндері үшін жеке-жеке аяқталатын айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 30 қазандағы № 64 қаулыға 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына 1-қосымша |
Екiншi деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі
Екiншi деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігіне мыналар кіреді:
1) пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп;
2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;
3) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
4) капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;
5) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
6) айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;
7) уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп;
8) жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;
9) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
10) k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есеп;
11) k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;
12) k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;
13) аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп;
14) ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есеп;
15) банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициентінің талдамасы туралы есеп;
16) секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есеп;
17) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;
18) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
19) исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есеп;
20) өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп;
21) нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің талдамасы туралы есеп.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 30 қазандағы № 64 қаулыға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына 3-1-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-BVU_RA_CCyB
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банк
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей
Кесте. Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы
(мың теңгемен)
№ | Баптардың атауы | Контрциклді буфер мөлшерлемесі | Сомасы | Тәуекел ескерілген есептеу сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қосқанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздар, оның ішінде: | Х | ||
1.1 | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздар, оның ішінде: | Х | ||
1.1.1 | тұтынушылық мақсатқа | Х | ||
1.1.2 | ипотекалық тұрғын үй қарыздары | Х | ||
1.1.3 | басқа да қарыздар | Х | ||
1.2 | Дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар | Х | ||
2. | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қосқанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар | Х | ||
2.1 | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде: | Х | ||
2.1.1. | тұтынушылық мақсатқа | Х | ||
2.1.2. | ипотекалық тұрғын үй қарыздары | Х | ||
2.1.3. | басқа да қарыздар | Х | ||
2.2 | Дара кәсіпкерлерге берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар | Х | ||
3. | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, банктік емес заңды тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздар, оның ішінде: | Х | ||
3.1. | шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне | Х | ||
3.2. | ірі кәсіпкерлік субъектілеріне | Х | ||
4. | Дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, банктік емес заңды тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, оның ішінде: | Х | ||
4.1. | шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне | Х | ||
4.2. | ірі кәсіпкерлік субъектілеріне | Х | ||
5. | Осы кестенің 1 және 3-тармақтарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген өзге де қарыздар | Х | ||
6. | Осы кестенің 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар өзге де қарыздар | Х | ||
7. | Тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген өзге де активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер | Х | ||
8. | Тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының жиыны | Х | ||
9. | Контрциклдік буфер мөлшері |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы ____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле
отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер
нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп нысанына қосымша |
Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп (индексі – 2-BVU_RA_CCyB, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 3-тармағына және 54-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екiншi деңгейдегi банктер әр айдың біріндегі жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысымен белгіленген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне (бұдан әрі – № 144 нормативтер) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – № 170 нормативтер) сәйкес толтырылады.
6. 3-бағанда мәндер Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған "Контрциклді буфер мөлшерлемесі" анықтамалығынан таңдалады.
7. 4-бағанда кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға тиіс активтердің сомасы көрсетіледі.
8. 5-бағанда 4-бағанда көрсетілген, № 170 нормативтердің 3-тарауына сәйкес және № 144 нормативтердің 2-тарауына сәйкес белгіленген пайыздағы тәуекел дәрежесіне көбейтілген активтердің сомасы көрсетіледі.
9. 1-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қосқанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздардың сомасы көрсетіледі.
10. 1.1-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздардың сомасы көрсетіледі.
11. 1.1.1-жолда деректер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144 және 145-жолдарына сәйкес толтырылады. Исламдық екінші деңгейдегі банктер бойынша деректер осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 53, 54, 57 және 58-жолдарына сәйкес толтырылады.
12. 1.1.2-жолда деректер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 48, 49, 50, 51 және 52-жолдарына сәйкес толтырылады. Исламдық екінші деңгейдегі банктер бойынша деректер осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 35, 36 және 56-жолдарына сәйкес толтырылады.
13. 1.1.2-жолда деректер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 113-жолына сәйкес толтырылады.
14. 1.2-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарыздардың сомасы көрсетіледі.
15. 2, 4 және 6-жолдарда кредиттеу субъектілері бойынша деректер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 53, 54 және 55-жолдарына сәйкес толтырылады. Исламдық екінші деңгейдегі банктер бойынша деректер осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 37, 38 және 39-жолдарына сәйкес толтырылады.
16. 2.1-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
17. 2.1.1-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсатқа берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
18. 2.1.2-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға ипотекалық тұрғын үй қарыздарына берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
19. 2.1.3-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2.1.1 және 2.1.2-жолдарында көрсетілмеген басқа да қарыздарға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
20. 2.2-жолда дара кәсіпкерлерге берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
21. 3-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, банктік емес заңды тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген қарыздардың сомасы көрсетіледі.
22. 3.1 және 3.2-жолдар бойынша деректер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 29, 47, 57, 75, 76, 135, 136, 137 және 56-жолдарына сәйкес толтырылады. Исламдық екінші деңгейдегі банктер бойынша деректер осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің 22, 51, 52, 75, 76, 77 және 40-жолдарына сәйкес толтырылады.
23. 4.1-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша банктік емес заңды тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
24. 4.2-жолда дара кәсіпкерлерге берілген қарызды қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша банктік емес заңды тұлғаларға берілген, кредиттік тәуекел ескеріліп мөлшерленген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың сомасы көрсетіледі.
25. 5-жолда кестенің 1 және 3-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген өзге де қарыздардың сомасы көрсетіледі.
26. 7-жолда тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген өзге де активтер, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасы көрсетіледі.
27. 8-жолда осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есепке сәйкес тәуекелдер ескеріле отырып сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кірмеген сома көрсетіледі.
28. Контрциклді буфер мөлшері 8-жолға сәйкес тәуекелдер ескеріле отырып сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасынан буфердің анықтамалық мөлшерлемесінің көбейтіндісіне тең.
29. Деректер болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.