"Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 529-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қарашада № 35359 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) мүдделер қақтығысы – комиссия мүшесінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға ықпал ете алатын ахуал;";

      7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әзірленген жоба тұжырымдамасы;

      Жоба тұжырымдамасында мемлекеттік органдар әлеуетті стратегиялық әріптестерге жатқызу үшін мынадай талаптарды белгілейді:

      Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өз мүшелері (қатысушылары) бар республикалық қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі болып табылу;

      әлеуетті стратегиялық әріптестің жарғылық мақсаттарының стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың мақсаттарына сәйкестігі;

      тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асыруда кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтердің болуы;

      әлеуетті стратегиялық әріптестер өкілдерінің консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына кемінде 1 (бір) жыл қатысуы (консультативтік-кеңесші орган құрылған мемлекеттік органның анықтамасы негізінде);

      көрсетілетін қызметті алушылардан немесе әріптестерден әлеуетті стратегиялық әріптестердің жұмысы туралы кемінде 3 (үш) оң пікірдің болуы;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейтін жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде талаптарды белгілейді;

      мемлекеттік органдар стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағытының мақсаттарына сүйене отырып, жоба тұжырымдамасында қосымша талаптарды белгілейді.

      3) іске асыру мерзімдері және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жобасы;

      4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру тәртібі, тәсілі және түпкілікті мерзімі;

      5) осы Қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес арыз, сауалнама және жоба нысандары;

      6) жобаны іске асыру үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер;

      7) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері.

      Конкурстық құжаттамада әлеуетті стратегиялық әріптестерге өткізілетін конкурстардың шарттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтердің мазмұнына жол беріледі.

      Мемлекеттік органдар конкурстық құжаттаманы бекіту кезеңінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау үшін электрондық пошта ашады.

      8. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін тиісті мемлекеттік орган конкурстық құжаттамамен бірге тиісті мемлекеттік органның кемінде үш өкілін және азаматтық қоғамның кемінде төрт өкілін енгізе отырып, саны 7 (жеті) адамнан кем болмайтын конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады, оны мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.

      Конкурстық комиссияның құрамына Заңның 5-бабы 1-тармағына сәйкес салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар енгізіледі.

      Мемлекеттік орган конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия мүшелеріне әлеуетті стратегиялық әріптестердің тізімін және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені туралы хабарлама нысанын жібереді. Конкурстық комиссия мүшесі хабарлама нысанын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені туралы хабарлайды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің біреуінде немесе бірнешеуінде мүдделер қақтығысы болған кезде, конкурстық комиссия құрамына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей өзгеріс енгізіледі.

      Мемлекеттік орган басшысы немесе оның орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің қатарынан тағайындалады. Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастыру функцияларын орындайды, конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссия өз қызметін тиісті мемлекеттік орган бекітетін конкурстық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Қайта конкурс өткізілген жағдайда конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің біреуінде немесе бірнешеуінде мүдделер қақтығысы болған кезде ғана қайта жаңартылады.

      9. Мемлекеттік орган конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеу туралы хабарландыру жариялайды және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы;

      2) конкурстық құжаттама;

      3) әлеуетті стратегиялық әріптестерден өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыты мен күні және өтінімдерді жіберу үшін электрондық пошта;

      4) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері.

      Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн болуға тиіс.

      Қайта конкурс өткізілген кезде өтінімдерді қабылдау мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 10 (он) күн болуға тиіс.

      10. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті стратегиялық әріптестер өздерінің өтінімдерін қазақ және (немесе) орыс тілдерінде хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тиісті мемлекеттік органның электрондық поштасына жібереді, оған мынадай құжаттар (PDF форматында) кіреді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға арыз;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган бекіткен жоба тұжырымдамасында көрсетілген талаптарға сәйкес әзірленген жоба;

      4) заңды тұлға қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы;

      5) конкурсқа қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер:

      шарттар және әлеуетті стратегиялық әріптестің жұмыс тәжірибесін растайтын көрсетілген қызметтер актілерін;

      көрсетілген әріптестерден растайтын хаттар, мамандардың тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар, тартылатын мамандардың ұсынылатын жобаға қатысуға келісімін;

      әлеуетті стратегиялық әріптестің жеке қаржылық салымы болған кезде растайтын құжаттарды;

      әлеуетті стратегиялық әріптестер өкілдерінің консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуын растайтын құжаттарын;

      көрсетілетін қызметті алушылардан немесе әріптестерден әлеуетті стратегиялық әріптестердің жұмысы туралы пікірлерін қамтиды.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия олардың уәкілетті орган айқындаған стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыттарына, әлеуетті стратегиялық әріптестердің жарғылық құжаттарына сәйкес олардың қызметінің мақсаттарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ олардың осы Қағидаларда көзделген талаптарға және бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қарайды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуына байланысты конкурстық комиссияның құрамына өзгеріс енгізген кезде осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімдер өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күніне дейін ұлғайтылады.

      3) тармақшаны қоспағанда, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық комиссия анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ізденушінің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкестікке келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат пысықтауға және өзгертуге жатпайды.

      Әлеуетті стратегиялық әріптес хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға пысықталған құжаттарды ұсынады.

      Конкурстық комиссия пысықталған құжаттарды әлеуетті стратегиялық әріптестерден түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім сәйкестендірілмеген кезде конкурстық комиссия әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамайды.

      Сәйкессіздік фактілері бойынша шешімді конкурстық комиссия жалпы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды және ол конкурстық комиссия төрағасының және оның мүшелерінің қолдарымен куәландырылатын рұқсат беру хаттамасында көрсетіледі.

      Конкурстық комиссия көрсетілген сәйкессіздіктердің бар екені туралы шешім қабылдаса, әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімі қабылданбайды және оны конкурстық комиссия бағаламайды.

      13. Әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімі конкурстық комиссия мүшелерінің осы Қағидаларға 7-қосымшада көзделген өлшемшарттарға сәйкес рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бағалауына жатады.

      Конкурстық комиссияның мүшелері хатшыға түсініктемелері бар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес толтырылған және қол қойылған бағалау парағын береді. Конкурстық комиссияның хатшысы жиынтық бағалауды қалыптастырады.

      Конкурстық комиссия шешімі рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде отырыста қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.";

      мындадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті стратегиялық әріптес жіберілмесе;

      3) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті стратегиялық әріптес жіберілсе өтпеді деп танылады.

      Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру мерзімдерінің қысқаруына байланысты жоба сомасы қысқарған жағдайда мемлекеттік орган бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қайта конкурс өткізіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайта конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік орган стратегиялық әріптесті конкурс өткізбей-ақ айқындайды. Бұл ретте стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шақыру өтінімі конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті стратегиялық әріптеске жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты мемлекеттік орган оған қол қойған сәттен бастап 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының талаптарын стратегиялық әріптестің атқаруын мемлекеттік орган мынадай тәсілдермен әкімшілендіреді:

      1) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына сәйкес ұсынылатын стратегиялық әріптестің есептілігін талдау;

      2) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында мәлімделген стратегиялық әріптестіктің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау;

      3) мемлекеттік органның стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының атқарылу жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуы.

      Стратегиялық әріптестер мемлекеттік органға тоқсан сайынғы негізде аралық есептерді, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асырудың аяқталуы бойынша есепті шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 15 июня 2023 года № 248-НҚ "Об утверждении Правил осуществления государственного заказа на реализацию стратегического партнерства"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 8 ноября 2024 года № 529-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 ноября 2024 года № 35359.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 15 июня 2023 года № 248-НҚ "Об утверждении Правил осуществления государственного заказа на реализацию стратегического партнерства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32852) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления государственного заказа на реализацию стратегического партнерства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 дополнить подпунктом 1-2) следующего содержания:

      "1-2) конфликт интересов – ситуация, при которой личная заинтересованность члена комиссии, может повлиять на объективное принятие решения;";

      пункты 7, 8, 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "7. Конкурсная документация включает в себя:

      1) наименование и место нахождения государственного органа, объявившего конкурс;

      2) концепцию проекта, разработанную согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      В концепции проекта государственными органами устанавливаются следующие требования для отнесения к потенциальным стратегическим партнерам:

      являться республиканским общественным объединением или объединением юридических лиц в форме ассоциации (союза), имеющим своих членов (участников) на территории более половины областей Республики Казахстан;

      соответствие уставных целей потенциального стратегического партнера целям государственного заказа на реализацию стратегического партнерства;

      наличие не менее 2 (два) лет опыта работы в реализации проектов по направлению деятельности в соответствующих сферах;

      наличие сведений в Базе данных неправительственных организаций, в порядке, согласно Правилам предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формирования Базы данных о них, утвержденными приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 51 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13355);

      участие представителей потенциальных стратегических партнеров в работе консультативно-совещательных органов не менее 1 (один) года (на основании справки от государственного органа, при котором создан консультативно-совещательный орган);

      не менее 3 (три) положительных отзывов о работе потенциальных стратегических партнеров от услугополучателей или партнеров;

      при реализации проектов, предполагающих проведение научно-исследовательских работ, государственными органами устанавливаются требования в части наличия не менее 3 (три) лет опыта работы в проведении научно-исследовательских работ;

      Государственными органами устанавливаются дополнительные требования в концепции проекта, исходя из целей направления государственного заказа на реализацию стратегического партнерства.

      3) сроки реализации и проект договор на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства;

      4) порядок, способ и окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе;

      5) формы заявления, анкеты и проекта согласно приложениям 3, 4 и 5 к настоящим Правилам;

      6) сведения о суммах, выделенных для реализации проекта;

      7) контактные данные представителя государственного органа, который осуществляет разъяснение конкурсной документации и консультацию по вопросам подготовки конкурсной заявки.

      В конкурсной документации допускается содержание других дополнительных сведений, позволяющих потенциальным стратегическим партнерам получить полную информацию об условиях проводимых конкурсов.

      Государственные органы на этапе утверждения конкурсной документации открывают электронную почту для приема заявок на участие в конкурсе.

      8. Для проведения конкурсного отбора соответствующий государственный орган вместе с конкурсной документацией формирует состав конкурсной комиссии в количестве не менее 7 (семь) человек, с включением не менее трех представителей государственного органа и не менее четырех представителей гражданского общества, который утверждается руководителем государственного органа или лицом, его замещающим.

      В состав конкурсной комиссии включаются эксперты, обладающие необходимыми профессиональными знаниями по одной из сфер в соответствии с пунктом 1 статьи 5 Закона.

      Государственный орган в течение 2 (два) рабочих дней со дня окончания приема заявок на участие в конкурсе направляет членам конкурсной комиссии список потенциальных стратегических партнеров и форму уведомления о наличии либо отсутствии конфликта интересов по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам. Член конкурсной комиссии в течение 2 (два) рабочих дней со дня получения формы уведомления сообщает в государственный орган о наличии либо отсутствия конфликта интересов.

      При наличии конфликта интересов у одного или нескольких членов конкурсной комиссии, в состав конкурсной комиссии вносится изменение не позднее 7 (семь) рабочих дней со дня окончания приема заявок на участие в конкурсе.

      Председателем конкурсной комиссии является руководитель государственного органа или его заместитель.

      Секретарь конкурсной комиссии назначается из числа представителей соответствующего государственного органа. Секретарь конкурсной комиссии выполняет организационные функции, не является членом конкурсной комиссии и не принимает участия в голосовании.

      Конкурсная комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с положением о конкурсной комиссии, утверждаемым соответствующим государственным органом.

      В случае проведения повторного конкурса состав конкурсной комиссий обновляется только при наличии конфликта интересов у одного или нескольких членов конкурсной комиссии.

      9. Государственный орган в течение 5 (пять) рабочих дней со дня утверждения конкурсной документации публикует на своем официальном интернет-ресурсе объявление о предстоящем конкурсном отборе, которое содержит следующие сведения:

      1) наименование государственного органа, объявившего конкурс;

      2) конкурсную документацию;

      3) время и дату завершения приема заявок от потенциальных стратегических партнеров и электронную почту для направления заявок;

      4) контактные данные представителя государственного органа, который осуществляет разъяснение конкурсной документации и консультацию по вопросам подготовки конкурсной заявки.

      Окончательный срок приема заявок должен быть не менее 20 (двадцать) календарных дней со дня объявления конкурса.

      При проведении повторного конкурса срок приема заявок должен быть не менее 10 (десять) календарных дней со дня объявления конкурса.

      10. Для участия в конкурсном отборе потенциальные стратегические партнеры, соответствующие требованиям, указанные в конкурсной документации, направляют на электронную почту соответствующего государственного органа свои заявки на казахском и (или) русском языках в сроки, указанные в объявлении, включающие следующие документы (в формате PDF):

      1) заявление на участие по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      2) анкета потенциального стратегического партнера по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам;

      3) проект по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам, разработанный в соответствии с требованиями, указанными в концепции проекта, утвержденной государственным органом;

      4) устав, утвержденный в установленном законодательством порядке, за исключением случаев, когда юридическое лицо осуществляет деятельность на основании типового устава;

      5) сведения о квалификации для участия в конкурсе, включающие в себя:

      договоры и акты оказанных услуг, подтверждающие опыт работы потенциального стратегического партнера;

      подтверждающие письма от указанных партнеров, документы, подтверждающие опыт и квалификацию специалистов, согласие привлекаемых специалистов на участие в предлагаемом проекте;

      подтверждающие документы при наличии собственного финансового вклада потенциального стратегического партнера;

      подтверждающие документы участия представителей потенциальных стратегических партнеров в работе консультативно-совещательных органов;

      отзывы о работе потенциальных стратегических партнеров от услугополучателей или партнеров.";

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. В течение 10 (десять) рабочих дней со дня окончания приема заявок конкурсная комиссия проверяет их на соответствие направлениям государственного заказа на реализацию стратегического партнерства, определенным уполномоченным органом, целям деятельности потенциальных стратегических партнеров в соответствии с их уставными документами, а также рассматривает их на соответствие требованиям, предусмотренным настоящими Правилами и утвержденной конкурсной документации.

      При внесение изменении в состав конкурсной комиссии в связи с наличием конфликта интересов у членов конкурсной комиссии, сроки, обозначенные первым абзацем настоящего пункта увеличивается до 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня окончания приема заявок.

      При представления неполного пакета документов, указанных в пункте 10 настоящих Правил, за исключением подпункта 3), конкурсная комиссия в течение 3 (три) рабочих дней со дня выявления направляет уведомление о необходимости приведения заявки в соответствие с требованиями на электронный адрес соискателя.

      Документ, указанный в подпункте 3) пункта 10 настоящих Правил, не подлежит доработке и изменению.

      В течение 2 (два) рабочих дней со дня получения уведомления потенциальный стратегический партнер предоставляет государственному органу доработанную документы.

      Конкурсная комиссии рассматривает доработанные документы в течение 2 (два) рабочих дней со дня их поступления от потенциальных стратегических партнеров.

      При не приведения в соответствие заявки, конкурсная комиссия отклоняет заявку потенциального стратегического партнера на участие конкурсе.

      По фактам несоответствия решение принимается конкурсной комиссией простым большинством голосов от общего количества членов комиссии и отображается в протоколе допуска, который заверяется подписями председателя и членов конкурсной комиссии.

      При принятий решения о наличии указанных несоответствий конкурсной комиссией, заявка потенциального стратегического партнера подлежит отклонению и не оценивается конкурсной комиссией.

      13. Заявка потенциального стратегического партнера подлежит оценке членами конкурсной комиссии в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подписания протокола допуска в соответствии с критериями, предусмотренными в приложении 7 к настоящим Правилам.

      Члены конкурсной комиссии предоставляют секретарю заполненный и подписанный оценочный лист с комментариями в соответствии с приложением 7 к настоящим Правилам. Секретарь конкурсной комиссии формирует сводные оценки.

      Решение конкурсной комиссии, принимается на заседании и оформляется протоколом в течение 10 (десять) рабочих дней со дня подписания протокола допуска. Протокол подписывается Председателем, членами и секретарем конкурсной комиссии.";

      дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:

      "14-1. Конкурс по государственному заказу на реализацию стратегического партнерства, признается несостоявшимся по одному из следующих оснований:

      1) отсутствия представленных заявок на участие в конкурсе;

      2) если к участию в конкурсе не допущен ни один потенциальный стратегический партнер;

      3) если к участию в конкурсе допущен один потенциальный стратегический партнер.

      В случае признания конкурса несостоявшимся государственный орган, вносят изменения и (или) дополнения в утвержденную конкурсную документацию в случае сокращения суммы проекта в связи сокращением сроков реализации государственного заказа на реализацию стратегического партнерства, после чего проводится повторный конкурс в соответствии с Главой 3 настоящих Правил.

      В случае признания повторного конкурса несостоявшимся в соответствии с подпунктом 3) настоящего пункта, государственный орган определяет стратегического партнера без проведения конкурса. При этом приглашение на осуществление государственного заказа на реализацию стратегического партнерства направляется потенциальному стратегическому партнеру, заявка которого допущена к участию в конкурсе.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Договор на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства заключается на срок не более 3 (три) лет с момента его подписания государственным органом.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Исполнение условий договора на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства стратегическим партнером администрируется государственным органом следующими способами:

      1) анализ отчетности стратегического партнера, представляемой в соответствии с договором на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства;

      2) оценка достижения целевых показателей стратегического партнерства, заявленных в договоре на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства;

      3) запрос государственным органом документов и информации, необходимой для оценки состояния исполнения договора на выполнение государственного заказа на реализацию стратегического партнерства.

      Стратегические партнеры представляют государственному органу промежуточные отчеты на ежеквартальной основе, итоговый отчет по завершении реализации государственного заказа на реализацию стратегического партнерства в установленные договором сроки.".

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридической департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского
хозяйства Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки и высшего
образования Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерства водных ресурсов
и ирригации Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан