Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 қарашада № 35385 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27) тармағына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 15 қарашадағы
№ 522 Бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 6-бабының 27) тармақшасына, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МЖӘ туралы Заң), "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістер мен құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      2) жеке әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, МЖӘ шартын жасасқан, жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі дауыс беретін акциялардың елу және одан да көп пайызын құрайтын дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;

      4) кәсіпкерлік субъектілері – азаматтар, қандастар мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      5) мемлекеттік әріптес – МЖӘ шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі дауыс беретін акциялардың елу және одан да көп пайызы атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы;

      6) МЖӘ – МЖӘ туралы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жеке әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны;

      7) МЖӘ субъектілері – мемлекеттік әріптестер және жеке әріптестер, сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асыруға қатысатын адамдар;

      8) МЖӘ шарты – МЖӘ шарты тараптарының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде МЖӘ шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келісім;

      9) тәжірибелік–конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені;

      10) толық ғылыми цикл жобасы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері іске асыратын ғылыми мазмұны бар өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) жасауға бағытталған, үйлестірілген ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыстар кешені.

      3. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі міндеттері:

      1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және сақтау және ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) жоғары технологиялық салаларды дамыту, экономиканың технологиялық күрделілігін арттыру, экономика мен қоғамның инновацияларға бейімділігін арттыру есебінен ұлттық экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғырту және оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) инновациялық қызметті қолдау, инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновациялар мен технологиялар трансфертін дамыту;

      4) стартап-инфрақұрылымды және венчурлік инвестициялау мәдениетін дамыту үшін жағдайлар жасау;

      5) инновацияға сұранысты ынталандыру;

      6) инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда, ғылымды қажетсінетін бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасауда жәрдем көрсету;

      7) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету;

      8) инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруда және инновациялық кластерлерді дамытуда жәрдем көрсету;

      9) мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      4. Қағидалар жеке кәсіпкерлік субъектілерін, ұлттық және шетелдік компанияларды ғылыми-инновациялық салаға тарту, оларда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды дамытуға уәждемені қалыптастыру, сондай-ақ МЖӘ негізінде ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттеу мақсатында әзірленді.

      5. Ғылыми-техникалық өнімді құру және оларды одан әрі коммерцияландыру үшін МЖӘ негізінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және орындауға техникалық тапсырманы қалыптастыру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады және ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Техникалық тапсырмада:

      1) ғылыми-техникалық өнімді жасау жөніндегі МЖӘ жобасының мақсаты;

      2) техникалық ұсыныстарға сәйкес МЖӘ объектісінің міндетті сипаттамаларының сипаттамасы;

      3) әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстар беруінің талаптары мен нысаны;

      4) техникалық ұсыныстарды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарын қолдану туралы талап (олар болған кезде);

      5) техникалық ұсыныстарды ұсыну мерзімі;

      6) әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары, біліктілік топтамасын беру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      6. Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес Заңда реттелген құқықтық қатынастарға гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қаражатынан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттардан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының күші қолданылмайды.

      7. МЖӘ негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі бағыттары:

      1) жаңа технологияларды енгізу үшін жағдай жасау мақсатында ғылымды бірлесіп қаржыландыру жүйесін дамыту және көтермелеу;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуді ынталандыру;

      3) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен МЖӘ-ге қатысушылардың қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған зияткерлік меншікті азаматтық-құқықтық айналымға тарту жөнінде шаралар әзірлеу;

      5) венчурлік қорларды, даму институттары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды, инновациялық кластерлер мен жоғары технологиялар аймақтарын құру бойынша МЖӘ-ге қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;

      6) жаңа технологияларды, технологиялық процестерді, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды жетілдіру;

      7) тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-конструкторлық қондырғыны дайындау, сынақтар (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды қоса алғанда), зерттеулер (зертханалық зерттеулерді қоса алғанда) жүргізу;

      8) шағын сериялы өндірісті (тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті) ұйымдастыру және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру (стартап-компанияларды құруды қоса алғанда) болып табылады.

      8. МЖӘ мынадай нысандарда:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;

      2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;

      3) МЖӘ компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу;

      4) МЖӘ объектісін инженерлік және көліктік коммуникациялармен қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда жүзеге асырылады.

      9. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау Заңның 39-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес толық ғылыми цикл жобаларын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру кезінде жүзеге асырылады.

      10. МЖӘ "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше экономикалық аймақтардың, инвестициялық қорлардың, оның ішінде венчурлік қорлар мен инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің жұмыс істеуі шеңберінде жүзеге асырылады.

      11. МЖӘ негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ғылым және технологиялық саясат саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, атом энергиясын пайдалану, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс ғылымын қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жеке әріптес тарапынан бірлесіп қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 33613 болып тіркелген) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларымен белгіленеді.

      Ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және (немесе) салалық уәкілетті орган МЖӘ жобасын жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асырады, олар мемлекеттік бастаманың немесе жеке бастаманың негізінде мынадай дәйекті кезеңдерден өту жолымен іске асырылады:

      1) мыналарды, оның ішінде:

      мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде-инвестициялық ұсыныс пен конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеу; немесе жеке бастаманы іске асыру шеңберінде – МЖӘ туралы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы қалыптастырған және жариялаған Тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеу серіктес-бизнес-жоспарды әзірлеу;

      2) жеке әріптестікті, оның ішінде конкурс, тікелей келіссөздер, аукционды айқындауды;

      3) МЖӘ шартын жасасуды;

      4) тараптардың МЖӘ шартының талаптарын орындауын қоса алғанда жоспарлауды қамтиды.

      12. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар гранттық гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша қаржыландыратын МЖӘ негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру кезінде:

      1) орындаушылармен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыруға шарттар жасайды және оларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

      2) іске асырылатын ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      3) бағдарламалар мен жобалардың (тақырыптардың) іске асырылу барысын бақылауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін қабылдауды жүзеге асырады.

      13. Мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік жобасын іске асыру жөніндегі конкурс нәтижелерінің негізінде мемлекеттік-жеке кәсіпкерлікке қатысушылар шарт (келісім) жасайды. МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда МЖӘ шартын тіркеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқтығы туралы растайтын хатын ұсынған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.

      14. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке кәсіпкерлік субъектілері өз бастамасы бойынша да, өз бетінше де немесе мемлекеттік органдар бекіткен басымдықтар шеңберінде жүзеге асырады.

      15. Жеке кәсіпкерлікке қатысушылар мемлекеттік әріптеспен бірлесіп шарттық негізде немесе өз бетінше ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуді жүзеге асырады.

Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 15 ноября 2024 года № 522. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 ноября 2024 года № 35385

      В соответствии с подпунктом 27) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", Законом Республики Казахстан "О государственно-частном партнерстве", подпунктом 107) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 15 ноября 2024 года № 522

Правила организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 27) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" (далее – Закон), Законом Республики Казахстан "О государственно-частном партнерстве" (далее – Закон о ГЧП), подпунктом 107) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" и определяют порядок организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства (далее – ГЧП).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) научные исследования – прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ надлежащими научными методами и средствами в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) частный партнер – индивидуальный предприниматель, простое товарищество, консорциум или юридическое лицо, за исключением государственных юридических лиц, а также товариществ с ограниченной ответственностью и акционерных обществ, пятьдесят и более процентов долей участия в уставном капитале или голосующих акций, которых прямо или косвенно принадлежат государству, заключившие договор ГЧП;

      3) государственная поддержка частного предпринимательства – комплекс государственных мер по стимулированию развития частного предпринимательства, созданию благоприятных правовых, экономических условий для реализации предпринимательской инициативы в Республике Казахстан;

      4) субъекты предпринимательства – граждане, кандасы и негосударственные коммерческие юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность (субъекты частного предпринимательства), государственные предприятия (субъекты государственного предпринимательства);

      5) государственный партнер – Республика Казахстан, от имени которой выступают государственные органы, государственные учреждения, государственные предприятия и товарищества с ограниченной ответственностью, акционерные общества, пятьдесят и более процентов долей участия в уставном капитале или голосующих акций, которых прямо или косвенно принадлежат государству, заключившие договор ГЧП;

      6) ГЧП – форма сотрудничества между государственным партнером и частным партнером, соответствующая признакам, определенным Законом о ГЧП;

      7) субъекты ГЧП – государственные партеры и частные партнеры, а также лица, участвующие в реализации проекта ГЧП;

      8) договор ГЧП – письменное соглашение, определяющее права, обязанности и ответственность сторон договора ГЧП, иные условия договора ГЧП в рамках реализации проекта ГЧП;

      9) опытно-конструкторские работы – комплекс работ, выполняемых при создании или модернизации продукции, разработке конструкторской и технологической документации на опытные образцы, изготовлении и испытании опытных образцов и полезных моделей;

      10) проект полного научного цикла – комплекс скоординированных научных, научно-технических работ, реализуемый субъектами научной и (или) научно-технической деятельности, направленных на создание продукции с научным содержанием (товаров, работ, услуг).

      3. Основными задачами организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП являются:

      1) создание благоприятных условий для выявления, воспитания, привлечения и удержания талантов и профессионального роста научных, инженерных и предпринимательских кадров;

      2) создание благоприятных условий для технологической модернизации базовых отраслей национальной экономики и ее диверсификации за счет развития высокотехнологичных отраслей, повышения технологической сложности экономики, повышения восприимчивости экономики и общества к инновациям;

      3) поддержка инновационной деятельности, эффективное внедрение инноваций, развитие высокотехнологичных производств, корпоративных инноваций и трансферт технологий;

      4) создание условий для развития стартап-инфраструктуры и культуры венчурного инвестирования;

      5) стимулирование спроса на инновации;

      6) оказание содействия субъектам инновационной деятельности в коммерциализации технологий, результатов научной и (или) научно-технической деятельности, создании условий для развития наукоемкого бизнеса;

      7) оказание содействия субъектам инновационной деятельности в международном сотрудничестве в области инновационной деятельности, в том числе сотрудничестве в области подготовки высококвалифицированных кадров для инновационной деятельности;

      8) оказание содействия субъектам инновационной деятельности в повышении производительности труда и развитии инновационных кластеров;

      9) создание благоприятных условий для реализации государственной технологической политики.

      4. Правила разработаны в целях вовлечения субъектов частного предпринимательства, национальных и иностранных компаний в научно-инновационную сферу, формирования у них мотивации к развитию научной и (или) научно-технической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, а также регулирования отношений, связанных с организацией и проведением научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП.

      5. Формирование технического задания на организацию и выполнение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП для создания научно-технической продукции и их дальнейшей коммерциализации, осуществляется в соответствии с настоящими Правилами.

      В техническом задании указываются:

      1) цель проекта ГЧП по созданию научно-технической продукции;

      2) описание обязательных характеристик объекта ГЧП, которые соответствуют техническим предложениям;

      3) требования и форма представления потенциальными частными партнерами технических предложений;

      4) требование о применении при разработке технических предложений национальных и неправительственных стандартов Республики Казахстан (при их наличии);

      5) срок представления технических предложений;

      6) квалификационные требования к потенциальному частному партнеру, порядок и срок предоставления квалификационного пакета.

Глава 2. Порядок организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства

      6. На правоотношения, урегулированные Законом, в части проведения научных исследований, осуществляемых из средств грантового, программно-целевого финансирования, финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, грантов на коммерциализацию результатов научной и (или) научно-технической деятельности, не распространяется действие законодательства Республики Казахстан, устанавливающее требования к порядку осуществления закупок, в том числе государственных, в соответствии с пунктом 2 статьи 4 Закона.

      7. Основными направлениями организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП являются:

      1) развитие и поощрение системы софинансирования науки в целях создания условий для внедрения новых технологий;

      2) стимулирование разработки совместных научных исследований и опытно-конструкторских работ с субъектами научной и (или) научно-технической деятельности;

      3) учебно-методологическое, научно-методическое и информационное обеспечение деятельности участников ГЧП за счет государственных бюджетных средств;

      4) выработка мер по вовлечению интеллектуальной собственности, полученной за счет средств государственного бюджета, в гражданско-правовой оборот;

      5) создание условий для взаимодействия участников ГЧП по созданию венчурных фондов, институтов развития и социальных предпринимательских корпораций, инновационных кластеров и зон высоких технологий;

      6) разработка новых технологий, технологических процессов, технических регламентов и их усовершенствование;

      7) изготовление опытного образца, опытно-конструкторской установки, проведение испытаний (включая опытно-промышленные испытания), исследований (включая лабораторные исследования);

      8) организация мелкосерийного производства (опытно-промышленного производства) и реализацию научно-технических проектов (включая создание стартап-компаний).

      8. ГЧП осуществляется в следующих формах:

      1) предоставления земельных участков в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;

      2) предоставления права пользования объектами государственной собственности;

      3) участия в создании и деятельности компании ГЧП;

      4) обеспечения инженерными и транспортными коммуникациями объекта ГЧП;

      5) в формах, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.

      9. Государственная поддержка субъектов деятельности в сфере промышленности осуществляется при реализации проектов полного научного цикла и проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, в соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 39 Закона.

      10. ГЧП осуществляется в рамках функционирования особых экономических зон, инвестиционных фондов, в том числе венчурных фондов и агентств по привлечению инвестиций, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах".

      11. Организация и проведение научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП осуществляется в соответствии с требованиями законодательства в области науки и технологической политике.

      Порядок финансирования прикладных научных исследований при привлечении софинансирования со стороны частного партнера, за исключением прикладных научных исследований в области общественных, гуманитарных наук, использования атомной энергии, обеспечения национальной безопасности и оборонной науки, устанавливается Правилами базового и программно-целевого финансирования научной и (или) научно-технической деятельности, грантового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 6 ноября 2023 года № 563 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33613).

      Уполномоченным органом в области науки (далее – уполномоченный орган) и (или) отраслевым уполномоченным органом осуществляется планирование и реализация проекта ГЧП, которые реализуются на основании государственной инициативы или частной инициативы путем прохождения следующих последовательных стадий:

      1) планирования, включая:

      в рамках реализации государственной инициативы – разработку инвестиционного предложения и конкурсной (аукционной) документации; или в рамках реализации частной инициативы – разработку информационного листа конкурсной (аукционной) документации по проектам, направленным на решение социально-экономических задач, определяемых потребностями, включенными в перечень, сформированный и опубликованный центральным уполномоченным государственным органом соответствующей отрасли в порядке, установленном Законом о ГЧП, или в рамках частной инициативы проведения прямых переговоров по определению частного партнера-разработку бизнес-плана;

      2) определения частного партнера, в том числе конкурс, прямые переговоры, аукцион;

      3) заключения договора ГЧП;

      4) выполнения сторонами условий договора ГЧП.

      12. При реализации научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе ГЧП, финансируемых по грантовому и программно-целевому финансированию уполномоченным органом или отраслевым уполномоченным органом, а также юридическими лицами, определенными уполномоченным органом, финансирующими научную и (или) научно-техническую деятельность:

      1) заключаются договоры на реализацию научных исследований и опытно-конструкторских работ с исполнителями, и осуществляется их финансирование;

      2) обеспечивается координация реализуемых научно-исследовательских, опытно-конструкторских работ;

      3) осуществляется контроль за ходом реализации программ и проектов (тем), а также приемка результатов научных исследований и опытно-конструкторских работ.

      13. На основании результатов конкурса по реализации проекта государственно-частного предпринимательства участниками государственно-частного предпринимательства заключается договор (соглашение). Регистрация договора ГЧП, в том числе в случае отсутствия государственных обязательств по проекту ГЧП, осуществляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.

      В случае отсутствия государственных обязательств по проекту ГЧП регистрация договора ГЧП осуществляется без решения соответствующей бюджетной комиссии при предоставлении подтверждающего письма центрального уполномоченного органа по государственному планированию (по республиканским проектам) об отсутствии государственных обязательств по проекту ГЧП.

      14. Научные исследования и опытно-конструкторские работы осуществляются как по собственной инициативе, так и самостоятельно субъектами частного предпринимательства, или в рамках, утвержденных государственными органами приоритетов.

      15. Участники частного предпринимательства совместно с государственным партнером на договорной основе, или самостоятельно, осуществляют внедрение результатов научной и (или) научно-технической деятельности.