"Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қарашадағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қарашада № 35425 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:

      2 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аяқ киім тауарлары – ЕАЭО СЭҚ ТН 6401 - 6405 кодтары бойынша "Аяқ киім" тауар тобына жататын және фасоны мен өлшеміне, нақты мақсатына, өндіру тәсіліне немесе оның дайындалған материалдарына қарамастан, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) айқындалатын Таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген аяқ киімнің әртүрлі түрлерін айқындайтын өнім;"

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды тауарды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін жүзеге асырады.

      Импорттаушы және уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті экономикалық операторды қоспағанда, импорттаушыға тауарларын "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 18-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӨКМ) бекітетін Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне енгізілген импорттаушының өз қойма үй-жайларында ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген (бұдан әрі – Тізбе) таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға (бұдан әрі – қойма үй-жайларына қойылатын талаптар) сәйкес келетін қойма үй-жайлары енгізіледі.

      Тізбе импорттаушы – қойма үй-жайы иесінің атауы, ЖСН немесе БСН, қойма үй-жайының мекенжайы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Комиссионер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 43-тарауына сәйкес жасалған комиссия шарттары шеңберінде жеке тұлғалардан сатуға қабылданатын аяқ киім тауарларын таңбалауды қамтамасыз етеді.

      Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдары жоғалған немесе бүлінген жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы сатып алу-сату мәмілелері шеңберінде жеткізілетін (өткізілетін), оның ішінде тұтынушы оларды қайтарғаннан кейін сатуға (сатуға) ұсынылатын бұрын таңбаланған аяқ киім тауарларын таңбалауды (қайта таңбалауды), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған комиссия/тапсырма шарттары шеңберінде жүзеге асырылады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы Операторға ТТҚ АЖ арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалау кодтарын алуға сұрау салу (бұдан әрі-сұрау салу) жібереді.

      Таңбалау кодтарын беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

      1) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелмеген;

      2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын ТТҚ АЖ-да тіркелген;

      3) тауар коды ТТҚ АЖ-да тауарлар тізілімінде тіркелмеген және оны мәлімдеген тауарлар айналымына қатысушының пайдалануына жатпайды;

      4) тауар коды "Аяқ киім тауарлары" тауар тобына сәйкес келмейді.

      25. ТТҚ АЖ-да сұрау салу тіркелген сәттен бастап Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:

      1) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыдан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санының эмиссиясын жүзеге асырады (генерациялайды);

      2) ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне тиісті сәйкестендіру кодтарын қамтиды;

      3) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарылған таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтер береді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аяқ киім тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, айналымда болған және қайтарылған жағдайларда, аяқ киім тауарларына, аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелінген жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады. Сәйкестендіру құралдарын қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкес келетін және Тізбеге енгізілген импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсіміне аяқ киім тауарларын орналастырғаннан кейін аяқ киім тауарларына немесе аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауар жапсырмаларына салуға рұқсат етіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аяқ киім тауарларын көліктік қаптамаға агрегаттағаннан кейін агрегатталған қаптаманы аяқ киім тауарлары айналымының келесі қатысушысына бергенге дейін аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-ға агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.

      Көліктік қаптама аяқ киім тауарларын біріктіру мақсатында және қажет болған жағдайда тұтыну қаптамасына жинау үшін, сондай-ақ басқа да мөлшері (көлемі) аз көліктік қаптамаларды бір көліктік қаптамаға шоғырландыру үшін қолданылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Аяқ киім тауарларын басқа көліктік қаптамаға ауыстырған жағдайда, айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ТТҚ АЖ-да агрегаттау туралы ақпарат береді. Бұл ретте ТТҚ АЖ-да алынған өнімі бар барлық қаптамаларды тарату тіркеледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілмеген, сондай – ақ аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген, бірақ таңбалау кодтары өзара тану жоқ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді, Қазақстан мемлекеттер аумағынан - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүшелері оған ЭЦҚ-мен қол қояды және әкелінген тауарды іс жүзінде есепке қабылдаған сәттен бастап тіркеу нөмірін алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізу кезінде бұрын мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Аяқ киім тауарларын ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.";

      39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы Бұйрықта белгіленген сәйкестендіру құралдарымен аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген күннен кейін оларды өткізу туралы мәліметтерді міндетті түрде ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.

      40. Таңбаланған аяқ киім тауарларын өткізу кезінде аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және аяқ киім тауарларын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      41. Оператор ТТҚ АЖ-да қабылдау/беру актісін тіркеу нәтижелері бойынша осы қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны мен құны бойынша ақпаратты қамтитын осы Қабылдау/беру актісі бойынша ақпаратты нақты уақыт режимінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) ақпараттық жүйелеріне береді.

      42. Аяқ киім тауарларын қабылдауды тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісіне қол қою арқылы аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Анықталған алшақтықтар туралы электрондық хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жеткізушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) қабылданған/қабылданбаған аяқ киім тауарларының сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) Қабылдау/беру актісінде мәліметтері жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген аяқ киім тауарларының сәйкестендіру кодтарының тізімі (бар болса);

      5) Қабылдау/беру актісінің деректемелері.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Аяқ киім тауарларын бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығару кезінде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы аяқ киім тауарларын айналымнан шығарған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Нысан) ТТҚ АЖ-ға аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы ақпарат береді.";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Бұрын қашықтықтан сату тәсілі арқылы айналымнан шығарылған аяқ киім тауарларын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушының сақтау қоймасына қайтарған жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы Операторға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпарат жібереді.

      58. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілгеннен өзге де себептер бойынша айналымнан бұрын шығарылған аяқ киім тауарларын айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы Операторға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпарат жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:

      "14-тарау. Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне енгізу тәртібі

      74. Импорттаушылар (бұдан әрі – Өтініш беруші) еркін нысанда қағаз және (немесе) электрондық түрде ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) Тізбеге меншікті қойма үй-жайларын қосу үшін өтінішті мынадай құжаттарды қоса бере отырып жібереді:

      1) қойма үй-жайының меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару жалға алу құқығында немесе өзге де заңды негізде болуын растайтын құжаттар (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе өзге заңды негізде қойма үй-жайын жалға алу немесе иелену және (немесе) пайдалану азаматтық-құқықтық шартының электрондық көшірмесі). Егер қойма үй-жайлары жалға немесе өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда кемінде бір жыл мерзімге жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының міндетті түрде болуы;

      2) көлік құралдарының аумаққа кіруін және қойма үй-жайының аумағынан шығуын, адамдардың қойма үй-жайына кіруін және одан шығуын бақылау жүйелерінің техникалық сипаттамалары, орналасқан жерлері, бейнебақылау құралдары, көлік құралдарының кіруін және адамдардың қойма үй-жайының аумағына кіруін бақылауға, сондай-ақ болған оқиғалар туралы бейне ақпаратты көру үшін бейнебақылау құралдарына кіруге жауапты адамдардың байланыс деректері туралы мәліметтер. Қойма үй-жайына кіруді және кіруді бақылау жүйелерінің, сондай-ақ бейнебақылау құралдарының болуы және олардың орналасуы тиісті фотосуреттермен расталады;

      3) көрсетілген жабдыққа арналған құжаттардың электрондық көшірмелерін және жабдықтың фотосуреттерін қоса бере отырып, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға арналған жабдық туралы мәліметтер.

      75. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды жібереді.

      76. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және Тізбеге енгізу жөнінде қабылданған оң шешім туралы Өтініш берушіні хабардар етеді.

      77. Ұсынылған құжаттар қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбеге енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы Өтініш берушіні хабардар етеді

      Тыңдау туралы хабарлама Өтініш берушінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына құжатты орындау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Уәкілетті орган Өтініш берушіні оң шешім туралы хабардар етеді не дәлелді бас тартуды ұсынады.

      78. Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді Уәкілетті орган өтінімдердің келіп түсуіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
2-қосымша";

      2-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
3-қосымша";

      3-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
4-қосымша";

      4-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
5-қосымша";

      5-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
6-қосымша";

      6-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
7-қосымша";

      7-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
8-қосымша";

      8-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
10-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 404 Бұйрыққа
қосымша
  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және қадағалау
қағидаларына
1-қосымша

Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптар

      Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      1) қойма үй жайларының меншік иелерін немесе иелерін импорттаушы ретінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      2) ғимаратта, құрылыста не олардың жеке бөлігінде орналастыру;

      3) көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары орналасқан), тәулік бойы жұмыс істейтін, қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған бақылау жүйелерінің болуы қойма үй-жайының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпарат;

      4) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен, материалдық жеткізгіштермен таңбалау үшін тиісті жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандыру.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2021 года № 518 "Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости обувных товаров"

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 26 ноября 2024 года № 404. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2024 года № 35425

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2021 года № 518 "Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости обувных товаров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24624) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах маркировки и прослеживаемости обувных товаров, утверждҰнных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) обувные товары – продукция, относящаяся к товарной группе "Обувь" по кодам ТН ВЭД ЕАЭС 6401 - 6405, и определяющая различные типы обуви независимо от ее фасона и размера, конкретного назначения, способа производства или материалов, из которых она изготовлена, включенная в Перечень товаров, подлежащих маркировке, определяемый приказом и.о. Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 27 сентября 2024 года № 343-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35129) (далее – Приказ);";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Производители осуществляют маркировку обувных товаров, произведенных на территории Республики Казахстан, средствами идентификации до первичной возмездной или безвозмездной передачи товара новому собственнику или иному лицу.

      Импортер и уполномоченный экономический оператор, обеспечивает маркировку обувных товаров, произведенных за пределами территории Республики Казахстан, до ввоза на территорию Республики Казахстан или до помещения обувных товаров под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или реимпорта.

      Импортеру, за исключением уполномоченного экономического оператора, разрешается осуществление маркировки обувных товаров после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта в собственных складских помещениях импортера, включенных в Перечень складских помещений, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта, утверждаемый Министерством промышленности и строительства Республики Казахстан (далее – МПС РК) в соответствии с подпунктом 18-2) пункта 15 Положения о Министерстве промышленности и строительства Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 "Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан". В Перечень складских помещений, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта (далее – Перечень), включаются складские помещения, соответствующие требованиям, предъявляемым к складским помещениям, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта, предусмотренным в приложении 1 к настоящим Правилам (далее – требования к складским помещениям).

      Перечень содержит сведения о наименовании импортера – владельца складского помещения, ИИН или БИН, адрес складского помещения.

      Комиссионер обеспечивает маркировку обувных товаров, принимаемых на реализацию от физических лиц в рамках договоров комиссии, заключенных в соответствии с главой 43 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть).

      В случае утраты или повреждения средств идентификации обувных товаров участник оборота обувных товаров обеспечивает маркировку ранее маркированных обувных товаров (перемаркировку), поставляемых (реализуемых) в рамках сделок купли-продажи, в том числе предлагаемых к реализации (продаже) после их возврата потребителем, а также в рамках договоров комиссии/поручения, заключенных в соответствии с главами 41 и 43 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть).";

      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:

      "24. Для обеспечения маркировки обувных товаров средствами идентификации участник оборота обувных товаров направляет Оператору посредством ИС МПТ запрос на получение кодов маркировки по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее - запрос).

      В выдаче кодов маркировки отказывается в следующих случаях:

      1) участник оборота обувных товаров не зарегистрирован в ИС МПТ;

      2) представленный код идентификации ранее зарегистрирован в ИС МПТ;

      3) код товара не зарегистрирован в реестре товаров ИС МПТ и не подлежит использованию участником оборота товаров его заявившим;

      4) код товара не соответствует товарной группе "Обувные товары".

      25. С момента регистрации запроса в ИС МПТ Оператор в течение 4 (четырех) часов:

      1) осуществляет эмиссию (генерирует) указанного в запросе количества кодов маркировки с применением алгоритмов криптографической защиты на основании данных, полученных от участника оборота обувных товаров;

      2) включает соответствующие коды идентификации в реестр средств идентификации ИС МПТ;

      3) предоставляет участнику оборота обувных товаров сведения о составе эмитированных кодов маркировки по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Нанесение средств идентификации на обувные товары или на потребительские упаковки обувных товаров либо на товарные ярлыки обувных товаров в случаях производства, оборота и возврата обувных товаров на территории Республики Казахстан осуществляется в местах производства или хранения таких товаров, а в случае ввоза - до фактического пересечения государственной границы Республики Казахстан, до помещения под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или реимпорта. Разрешается нанесение средств идентификации на обувные товары, или на потребительские упаковки обувных товаров, или на товарные ярлыки обувных товаров после помещения обувных товаров под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта в собственных складских помещениях импортера, соответствующих требованиям к складским помещениям и включенных в Перечень.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. После агрегирования обувных товаров в транспортную упаковку до передачи агрегированной упаковки следующему участнику оборота обувных товаров участник оборота обувных товаров представляет информацию об агрегировании в ИС МПТ по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Транспортная упаковка применяется в целях объединения обувных товаров и, при необходимости, для сбора в потребительскую упаковку, а также для консолидации в одну транспортную упаковку других транспортных упаковок меньшего размера (объема).";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. В случае перекладки обувных товаров в другую транспортную упаковку, участником оборота представляется информация об агрегировании в ИС МПТ в соответствии с приложением 4 настоящих Правил. При этом в ИС МПТ регистрируется расформирование всех упаковок, содержавших изъятую продукцию.";

      пункт 35 изложить в следующей редакции:

      "35. Участники оборота обувных товаров, осуществляющие ввоз обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС, на территории которых не введена обязательная маркировка обувных товаров, а также на территории которых введена обязательная маркировка обувных товаров, но отсутствует взаимное признание кодов маркировки, вносят в ИС МПТ сведения о ввозе обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС, по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам, подписывают его ЭЦП и направляют в ИС МПТ для получения регистрационного номера с момента фактического принятия на учет ввезенного товара в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      По факту принятия на учет ввезенного товара участник оборота обувных товаров направляет в ИС МПТ сведения о подтверждении кодов идентификации в течение 5 (пяти) рабочих дней, заявленных им ранее при внесении в ИС МПТ сведений о ввозе товаров в Республику Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Участники оборота обувных товаров, осуществляющие ввоз обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств, не являющихся членами ЕАЭС, вносит в ИС МПТ сведения о ввозе обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств, не являющихся членами ЕАЭС, по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам, подписывают его ЭЦП и направляют в ИС МПТ для получения регистрационного номера.";

      пункты 39, 40, 41 и 42 изложить в следующей редакции:

      "39. Оборот маркированных обувных товаров, произведенных на территории Республики Казахстан и (или) ввезенных на территорию Республики Казахстан, после даты введения обязательной маркировки обувных товаров средствами идентификации, установленной Приказом, осуществляется с обязательной передачей сведений об их реализации в ИС МПТ.

      40. При реализации маркированных обувных товаров участник оборота обувных товаров формирует Акт приема/передачи по форме согласно приложению 7 к настоящим Правилам, подписывает его ЭЦП и направляет в ИС МПТ для получения регистрационного номера, в срок не позднее дня реализации обувных товаров.

      41. Оператор по результатам регистрации Акта приема/передачи в ИС МПТ передает в информационные системы Комитета государственных доходов Министерства финансов РК (далее - КГД МФ РК) в режиме реального времени сведения по данному Акту приема/передачи, содержащие в том числе информацию по количеству и стоимости передаваемого товара.

      42. Приемка обувных товаров осуществляется участником оборота обувных товаров путем подписания Акта приема/передачи в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней с даты, когда осуществлена фактическая приемка товара, который подписывается ЭЦП и передается в ИС МПТ.";

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. Электронное извещение о выявленных расхождениях содержит следующие сведения:

      1) ИИН или БИН отправителя;

      2) ИИН или БИН получателя;

      3) список кодов идентификации принятых/не принятых обувных товаров;

      4) список кодов идентификации обувных товаров, сведения по которым отсутствуют или указаны недостоверно в Акте приема/передачи (при наличии);

      5) реквизиты Акта приема/передачи.";

      пункт 52 изложить в следующей редакции:

      "52. При выводе обувных товаров из оборота по основаниям, не являющимся продажей в розницу, участник оборота обувных товаров не позднее 3 (трех) рабочих дней, следующих за днем вывода обувных товаров из оборота, представляет в ИС МПТ информацию о выводе из оборота обувных товаров по форме согласно приложению 8 к настоящим Правилам (далее - Форма), указав соответствующую причину.";

      пункты 57 и 58 изложить в следующей редакции:

      "57. В случае возврата обувных товаров, ранее выведенных из оборота путем дистанционного способа продажи, на склад хранения участника оборота обувных товаров, участник оборота обувных товаров направляет Оператору информацию о повторном вводе в оборот товаров по форме согласно приложению 10 к настоящим Правилам.

      58. Для повторного ввода в оборот обувных товаров, ранее выведенных из оборота по причинам, отличным от указанных в пункте 49 настоящих Правил, участник оборота направляет Оператору информацию о повторном вводе в оборот товаров по форме согласно приложению 10 к настоящим Правилам.";

      дополнить главой 14 следующего содержания:

      "Глава 14. Порядок включения складских помещений в Перечень складских помещений, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта

      74. Импортеры (далее – Заявитель) в свободной форме в бумажном и (или) электронном виде подают в Комитет промышленности МПС РК (далее – Уполномоченный орган) заявление для включения собственных складских помещений в Перечень с приложением следующих документов:

      1) документы, подтверждающие нахождение складского помещения на праве собственности, хозяйственного ведения, оперативного управления, аренды или ином законном основании (справка о зарегистрированных правах на недвижимое имущество или электронная копия гражданско-правового договора аренды или владения и (или) пользования складским помещении на ином законном основании). В случае, если складские помещения находятся в аренде или безвозмездном пользовании, обязательное наличие договора аренды или безвозмездного пользования на срок не менее одного года;

      2) сведения о технических характеристиках, местах размещения систем контроля въезда транспортных средств на территорию и выезда с территории складского помещения, входа лиц в складское помещение и выхода из него, средств видеонаблюдения, контактные данные ответственных лиц за контроль въезда транспортных средств и входа лиц на территорию складского помещения, а также за доступ к средствам видеонаблюдения для просмотра видеоинформации о происшедших событиях. Наличие систем контроля въезда и входа в складское помещение, а также средств видеонаблюдения и их расположение подтверждается соответствующими фотографиями;

      3) сведения об оборудовании для маркировки товаров средствами идентификации, с приложением электронных копий документов на указанное оборудование и фотографий оборудования.

      75. Уполномоченный орган в течение 2 (двух) рабочих дней проверяет полноту представленных документов, указанных в пункте 74 настоящих Правил, и в случае установления неполноты представленных документов направляет мотивированный отказ.

      76. В случае представления Заявителем полного пакета документов, Уполномоченный орган в течение 10 (десяти) рабочих дней рассматривает их на соответствие требованиям к складским помещениям и уведомляет Заявителя о принятом положительном решении по включению в Перечень.

      77. В случае несоответствия представленных документов требованиям к складским помещениям Уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней уведомляет Заявителя о предварительном решении об отказе во включении в Перечень, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить Заявителю позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется на электронный адрес Заявителя, указанный в заявлении, не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока исполнения документа. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания Уполномоченный орган уведомляет Заявителя о положительном решении либо предоставляет мотивированный отказ.

      78. Внесение изменений и (или) дополнений в утвержденный Перечень осуществляется Уполномоченным органом по мере поступления заявок, но не более одного раза в квартал.";

      дополнить приложением 1 согласно приложению к настоящему приказу;

      в приложении 1:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 2
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 2:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 3
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 3:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 4
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 4:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 5
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 5:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 6
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 6:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 7
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 7:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 8
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров";

      в приложении 8:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 10
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров".

      2. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющего обязанности
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
Р. Исакулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 26 ноября 2024 года № 404
  Приложение 1
к Правилам маркировки
и прослеживаемости
обувных товаров

      Требования, предъявляемые к складским помещениям, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта

      Требованиями, предъявляемыми к складским помещениям, в которых юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, осуществляющим оборот обувных товаров, подлежащих маркировке, разрешается маркировка после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта, являются:

      1) регистрация собственников или владельцев складских помещений в информационной системе маркировки и прослеживаемости товаров в качестве импортера;

      2) размещение в здании, сооружении либо в их отдельной части;

      3) наличие систем контроля въезда транспортных средств на территорию и выезда с территории, входа лиц на территорию и (или) в помещения и выхода с территории и (или) из помещений (где находятся документы, товары и транспортные средства, подлежащие таможенному контролю), оборудованных средствами видеонаблюдения, функционирующими в круглосуточном режиме, позволяющими осуществлять просмотр видеоинформации о происшедших событиях в течение тридцати календарных дней на территории складского помещения;

      4) оснащение соответствующим оборудованием и программным обеспечением для маркировки товаров средствами идентификации, материальными носителями.