"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қарашада № 35428 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9471 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

О признании утратившим силу приказа Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 188-Ө "Об определении перечня государств для проведения сравнительного анализа тарифов на электрическую энергию, произведенную за счет использования возобновляемых источников энергии"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 29 ноября 2024 года № 432. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2024 года № 35428

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившим силу приказ Министра охраны окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 188-Ө "Об определении перечня государств для проведения сравнительного анализа тарифов на электрическую энергию, произведенную за счет использования возобновляемых источников энергии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9471).

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренными пунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
А. Саткалиев