"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 желтоқсанда № 35451 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32920 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономикалық министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 445 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 261 бұйрығымен
бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма сегізінші абзацына сәйкес әзірленді және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу бірыңғай тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы);

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдері;

      4) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – қабылданған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемдері

      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді қаржыландыру мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;

      2) кепілдік берілген көлемінен тыс арнаулы әлеуметтік қызметтер алушының қаражат;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер.

2 тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерді қаржыландыру тәртібі

      4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерді қаржыландыру үшін Облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қалыптастырады.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерге ақы төлеу көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің нақты көлемі бойынша жүргізіледі.

      7. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар санына байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерді қаржыландыру мыналарға арналған қаражатты қамтиды:

      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына еңбекақы төлеу, сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және негізгі қызметкерлердің салықтары мен бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналары;

      2) негізгі қызметкерлерге өтемақы төлемдері;

      3) негізгі жұмыскерлерге экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақылар;

      4) киім, жұмсақ және қатты мүкәммал сатып алуға арналған шығыстар;

      5) медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

      6) азық-түлік сатып алу шығындары;

      7) көлік шығындары;

      8) негізгі қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті тауарларды, оның ішінде жуу құралдарын, шаруашылық тауарлары мен мүкәммалды, гигиеналық құралдарды, кеңсе керек-жарақтарын, дезинфекциялау құралдарын, ыдыстарды, жанар-жағармай материалдарын сатып алу;

      10) оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құралдарды (түзету-дамытушылық, оқу-дидактикалық материалдар), мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тікелей байланысты ағымдағы қызметтер (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қорғаншылық орталықтарын жерлеуге арналған шығындар, бейнебақылауға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер, жөргектер мен шприцтерді кәдеге жарату, заң қызметтері).

      12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік емес секторда жұмыс істейтін субъектілердің коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу.

      Осы Қағиданың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген киім, жұмсақ және қатты мүкәммал сатып алуға арналған шығыстар стационалық үлгідегі ұйымдарда "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығына сәйкес қаржыландыралады. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32596 болып тіркелді).

      8. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар санына тәуелді емес арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерді қаржыландыру мыналарға арналған қаражатты қамтиды:

      1) жұмыс берушінің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әкімшілік – шаруашылық персонал қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдері бойынша жарналары;

      2) әкімшілік-шаруашылық персоналының қызметкерлеріне өтемақы төлемдері;

      3) міндетті сақтандыру;

      4) іссапар шығындары;

      5) үй-жайларды жалға алу;

      6) коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;

      7) байланыс қызметтеріне ақы төлеу;

      8) қызметтер мен жұмыстар (ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және негізгі құралдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер, коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу, жабдықтарды, көлік және негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету қызметтері, қызметкерлерді медициналық тексеру, қоқыстарды шығару, курьерлік қызметтер, банк қызметтеріне ақы төлеу және заң қызметтері);

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде құрылыс материалдарын, ғылыми зерттеулерге арналған материалдарды, шаруашылық материалдар мен кеңсе керек-жарақтарын, қосалқы бөлшектерді сатып алу;

      10) негізгі құралдарды, материалдық емес және Биологиялық активтерді (серверлер, жұмыс станциялары, принтерлер, сканерлер, желілік жабдық, телекоммуникациялық жабдық, электр жабдығы, ұйымдастыру техникасы, Кеңсе жиһазы, жеңіл көлік құралдары, оның ішінде мүгедек адамдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлік, оңалту жабдығы)сатып алу;

      11) негізгі құралдарды күрделі жөндеу;

      12) ағымдағы шығындар (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем, Мемлекеттік баж, өсімпұл және айыппұлдар, автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқау бойынша шығындар).

3 тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу тәртібі

      9. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мониторингілеу (бұдан әр – мониторинг) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жай-күйін және даму перспективаларын талдау үшін қажетті, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында тәуекел дәрежесін және заңнама талаптарының сақталуын бағалау мақсатында мәліметтерді жинау және өңдеу.;

      10. Мониторингті жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар болып табылатын субъектілерге қатысты жарты жылда бір рет жүргізеді.

      10. Мониторинг Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың саны туралы;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін негізгі қызметкерлердің саны туралы;

      3) шығыстардың ерекшеліктері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін бөлінген және игерілген жергілікті бюджет қаражатының көлемі туралы;

      4) субъектілер көрсеткен арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері туралы.

      11. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде жартыжылдықта бір рет (бірінші жартыжылдықта – қолданыстағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, екінші жартыжылдықта – есепті жылдан кейінгі 15 қаңтарға дейін)қалыптастырылатын қорытынды Талдамалық есептерде көрсетіледі.

      12. Қорытынды талдамалық есеп халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығының назарына есепті жартыжылдықтан кейінгі 20-шы күні жеткізіледі.

      13. Мониторинг нәтижелерін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді қалыптастыру мақсатында пайдаланады.

      14. Мониторинг нәтижелерінің ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтындағы қорытынды талдамалық есептер жарты жылда бір рет (бірінші жартыжылдықта – қолданыстағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, екінші жартыжылдықта – есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға дейін).

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 261 "Об утверждении Правил финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения"

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 декабря 2024 года № 445. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 декабря 2024 года № 35451

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 261 "Об утверждении Правил финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32920) следующее изменение:

      правила финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту специальных социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      исполняющий обязанности
Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
А. Ертаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство Национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 4 декабря 2024 года № 445
  Утверждены приказом
Заместителя Премьер-Министра
- Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 29 июня 2023 года № 261

Правила финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения (далее – Правила) разработаны в соответствии с абзацем двадцать восьмым подпункта 5) статьи 12 Социального Кодекса Республики Казахстан и определяют порядок финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) получатель специальных социальных услуг – лицо (семья), признанное нуждающимся в специальных социальных услугах;

      2) физические и (или) юридические лица, занятые в государственном и негосударственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг на основании лицензии на предоставление специальных социальных услуг;

      3) индивидуальный план финансирования по обязательствам – помесячные объемы обязательств, принимаемых государственным учреждением в денежном выражении в пределах годовых объемов бюджетных средств, предназначенных для реализации мероприятий бюджетных программ (подпрограмм);

      4) индивидуальный план финансирования по платежам – помесячные объемы бюджетных средств в пределах годовых объемов бюджетных средств, необходимых государственному учреждению для осуществления платежей в счет выполнения принятых обязательств.

      3. Финансирование субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, осуществляется за счет:

      1) бюджетных средств в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      2) средств получателя специальных социальных услуг за предоставление сверхгарантированного объема специальных социальных услуг;

      3) иных источников, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок финансирования субъектов, занятых в государственном и не государственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг

      4. Исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета формирует индивидуальный план финансирования по обязательствам и платежам в пределах средств, предусмотренных по соответствующим бюджетным программам областных бюджетов (бюджетов городов республиканского значения, столицы) и районных (городов областного значения) бюджетов для финансирования субъектов, занятых в государственном и не государственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг.

      5. В целях приобретения специальных социальных услуг, местные исполнительные органы формируют бюджетную заявку в соответствие с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      6. Оплата субъектам, занятых в государственном и не государственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг, производится по фактическому объему оказанных специальных социальных услуг.

      7. Финансирование субъектов, занятых в государственном и не государственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг, зависящих от численности получателей специальных социальных услуг включает средства на:

      1) оплату труда, выплаты пособий на оздоровление к ежегодному оплачиваемому трудовому отпуску и взносы работодателя по налогам и другим обязательным платежам в бюджет основных работников;

      2) компенсационные выплаты основным работникам;

      3) доплаты основным работникам за проживание в зонах экологического бедствия и радиационного риска;

      4) расходы на приобретение одежды, мягкого твердого инвентаря;

      5) приобретение лекарственных средств в соответствии с лекарственными формулярами по медицинским показаниям и изделий медицинского назначения;

      6) расходы на приобретение продуктов питания;

      7) транспортные расходы;

      8) повышение квалификации основных работников;

      9) приобретение товаров, необходимых для оказания специальных социальных услуг, в том числе моющих средств, хозяйственных товаров и инвентаря, гигиенических средств, канцелярских принадлежности, дезинфицирующих средств, посуды, горюче смазочных материалов;

      10) приобретение учебников, учебно-методической литературы и пособий (коррекционно-развивающие, учебные дидактические материалы), специализированного программного обеспечения;

      11) текущие услуги, непосредственно связанные с оказанием специальных социальных услуг (затраты на погребение опекаемых центров оказания специальных социальных услуг, услуги по обслуживанию видеонаблюдения, утилизация подгузников и шприцов, юридические услуги).

      12) оплату коммунальных услуг субъектов, занятых в негосударственном секторе по предоставлению специальных социальных услуг.

      Финансирование расходов, указанных в подпунктах 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил, в организациях стационарного типа осуществляется согласно приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 174 "Об утверждении Правил использования центрами оказания специальных социальных услуг пенсионных выплат по возрасту, за выслугу лет и государственных социальных пособий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32596).

      8. Финансирование субъектов, занятых в государственном и не государственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг, не зависящих от численности получателей специальных социальных услуг включает средства на:

      1) оплату труда, взносы работодателя по налогам и другим обязательным платежам в бюджет, социальным платежам работников административно – хозяйственного персонала;

      2) компенсационные выплаты работникам административно–хозяйственного персонала;

      3) обязательное страхование;

      4) командировочные расходы;

      5) аренду помещений;

      6) оплату коммунальных услуг;

      7) оплату услуг связи;

      8) услуги и работы (услуги по содержанию, обслуживанию зданий, помещений, оборудования, транспортных и основных средств, текущий ремонт зданий, помещений, системы теплоснабжения, водоснабжения и канализации, находящихся в коммунальной собственности, текущий ремонт оборудования, транспортных и основных средств, услуги санитарно-эпидемиологической службы, медицинское обследование сотрудников, вывоз мусора, курьерские услуги, оплата банковских услуг и юридические услуги);

      9) приобретение товаров, необходимых для обеспечения деятельности субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, не применяемых в процессе оказания специальных социальных услуг, в том числе строительных материалов, материалов для научных исследований, хозяйственных материалов и канцелярских принадлежностей, запасных частей;

      10) приобретение основных средств, нематериальных и биологических активов (серверы, рабочие станции, принтеры, сканеры, сетевое оборудование, телекоммуникационное оборудование, электрооборудование, оргтехника, офисная мебель, легковые транспортные средства, в том числе специализированный автотранспорт для перевозки лиц с инвалидностью, реабилитационное оборудование);

      11) капитальный ремонт основных средств;

      12) текущие затраты (плата за эмиссии в окружающую среду, государственная пошлина, пеня и штрафы, затраты по обязательному техническому осмотру автотранспортных средств).

Глава 3. Порядок проведения мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

      9. Мониторинг оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения включает сбор и обработку сведений, необходимых для реализации государственной политики в сфере оказания специальных социальных услуг, анализ состояния и перспектив развития специальных социальных услуг, а также в целях оценки степени риска и соблюдения требований законодательства в сфере предоставления специальных социальных услуг.

      10. Мониторинг проводится местными исполнительными органами один раз в полугодие в отношении субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, являющихся физическими и юридическими лицами, занятыми в государственном и негосударственном секторах по предоставлению специальных социальных услуг.

      11. Мониторинг осуществляется посредством анализа данных, содержащихся в автоматизированной информационной системе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан:

      1) о количестве получателей специальных социальных услуг;

      2) о количестве основных работников, оказывающих специальные социальные услуги;

      3) об объеме средств местного бюджета, выделенных и освоенных для оказания специальных социальных услуг по спецификам расходов;

      4) о видах специальных социальных услуг, оказанных субъектами.

      12. Результаты мониторинга отражаются в итоговых аналитических отчетах, которые формируются в автоматизированных информационных системах Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан один раз в полугодие (на первое полугодие – не позднее 15 июля действующего года, на второе полугодие – до 15 января следующего за отчетным годом).