Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32596 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармағы он екінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 174 бұйрығына
1-қосымша

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармағы он екінші абзацына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – адамдар), сот әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп таныған адамдардың (бұдан әрі – қамқорлыққа алынған адамдар) жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын (бұдан әрі – жәрдемақылар) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Адамдарға және қамқорлыққа алынған адамдарға зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары:

      адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде;

      АӘҚКО жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына (бұдан әрі – ҚБШ) 70 % көлемінде аударылады.

2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 122-бабының 4-тармағына сәйкес әрекетке қабілетсіз адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану үшін АӘҚКО-ның басшысы қамқоршы (бұдан әрі – қамқоршы) болып тағайындалады.

      Қамқорлыққа алынған адамға ағымдағы шот ашу үшін қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін, әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршылық белгілеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген құжаттарды ұсынады.

      Қамқорлыққа алынған адамдарға ағымдағы шоттарды қамқоршы болып табылатын АӘҚКО-ның басшысы екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым) ашады.

      4. АӘҚКО-да зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану үшін комиссия құрылады.

      Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына АӘҚКО-ның басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, АӘҚКО-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.

      Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.

      Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады.

      АӘҚКО-ның дауыс беруге қатыспайтын қызметкері комиссияның хатшысы болып тағайындалады.

      Комиссия отырысы айына 1 реттен кем емес өтеді және мыналарды:

      адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиена заттарына, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге (бұдан әрі – санитариялық гигиена заттары, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер), киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьға (бұдан әрі – киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарь);

      қамқорлыққа алынған адамдардың – қосымша тамаққа, күнделікті қажетті заттарға (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) қажеттілігін айқындайды.

      Комиссияның шешімі, егер оны кемінде барлық қолданыстағы құрамының үштен екісі қолдаса қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АӘҚКО-ға мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.

      5. Қамқорлыққа алынған адамдардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқоршы қамқорлыққа алынған адамдардың жеке қажеттіліктеріне жұмсайды.

      Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлыққа алынған адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалану туралы шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Қамқорлыққа алынған адамдардың жеке қажеттіліктеріне зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес журналда көрсетіледі.

      6. Адамдардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары өз бетінше жұмсалады.

      7. АӘҚКО-ның жеке банктік шоты немесе ҚБШ оның орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық органында ашылады.

      8. Адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға пайдаланылады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын, техникалық қосалқы құралдары мен қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьды сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты маман комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса береді (тіркейді).

      АӘҚКО-ның жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      АӘҚКО-ның жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес журналда көрсетіледі.

      9. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьды сатып алуға және (немесе) ҚБШ-дағы қаражат есебінен қамтамасыз етуге келмейтін олардың құнына қаражат жетпеген кезде жергілікті атқарушы органдар оларды сатып алуға қосымша шығысты қарастырады.

      10. АӘҚКО-ның басшысы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқорлыққа алынған адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы есепті ұсынады.

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану бойынша есепке комиссия шешімінің көшірмесі мен құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса беріледі.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлыққа алынған адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалану туралы ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Қамқорлыққа алынған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Қамқорлыққа алынған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қамқорлыққа алынған адамдардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады































      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері:

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық басшысы/басшы орынбасары

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның өкілі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медицина бөлімшесінің меңгерушісі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың бухгалтері*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АӘҚКО-ға мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қамқорлыққа алынған адамдардың жеке қажеттіліктеріне зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану бойынша шығыстарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

Р/с №

Қамқорлыққа алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шығыстар жүргізілген күн

Шығыстардың түрі (сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі, олардың саны, көлемі)

Шығыстар сомасы, теңге

Негіздеме (құжат, нөмірі және күні)

Басшының қолы





























  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

Киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьдың тізбесі

      1. Киім:

      1) пальто, күрте;

      2) плащ, ветровка;

      3) жүн маталардан тігілген костюм;

      4) мақта маталардан тігілген костюм;

      5) спорттық костюм;

      6) шалбар, джинсы, шорты;

      7) көйлек, сарафан, халат;

      8) жүн маталардан тігілген юбка, мақта маталардан тігілген юбка;

      9) мақта маталардан тігілген блузка;

      10) свитер, жакет, жемпір, кофта, трикотаж жаймадан тігілген жилет;

      11) трико;

      12) футболка;

      13) мақта маталардан тігілген кеудеге киетін жейде.

      2. Ішкиім:

      1) трусы, панталон;

      2) түнде киетін жейде, пижама;

      3) майка;

      4) мақта маталардан және эластикалық трикотаж жаймадан тігілген туалет бұйымдары (бюстгальтер);

      5) кальсондар;

      6) гамаштар.

      3. Орамал-шарф бұйымдары мен бас киімдер:

      1) шарф;

      2) шапка, берет;

      3) панама, фуражка, кепкалар;

      4) әйелдердің бас орамалы;

      5) тақия;

      6) қолғаптар, биялайлар;

      7) жүн орамал (жартылай жүн);

      8) тоқыма шапка.

      4. Носки-шұлық бұйымдары:

      1) колготки;

      2) шұлық, носки;

      3) гольфы.

      5. Аяқ киім:

      1) қысқы етік, киізден тігілген аяқ киім;

      2) пима;

      3) маусымдық етіктер;

      4) қысқа етік;

      5) бәтеңке, туфли;

      6) қысқа бәтеңке;

      7) аяқ киім немесе сандалилер;

      8) спорттық аяқ киім;

      9) бөлмеде киетін тәпішке;

      10) сланцы.

      6. Төсек жабдықтары:

      1) ақ жайма;

      2) көрпе тысы;

      3) жастық тысы;

      4) матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац);

      5) жастық;

      6) көрпе;

      7) жамылғы;

      8) вафельді сүлгі;

      9) түкті сүлгілер.

      7. Бөлмеге арналған заттар:

      1) дастархан;

      2) үстел майлықтары.

      8. Санитарлық-гигиеналық заттар:

      1) клеенка, резеңкеленген;

      2) әйелдерге арналған сіңіргіш төсегіштер;

      3) күнделікті төсегіштер;

      4) урологиялық төсегіштер;

      5) жөргектер.

      9. Техникалық қосалқы құралдар:

      1) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

      2) корсет;

      3) бандаждар, емдік белбеулер;

      4) есту аппараттары;

      5) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

      6) серуендеуге арналған кресло-арбалар;

      7) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар).

      10. Қатты инвентарь:

      1) керует;

      2) көп функциялы керует;

      3) үстел;

      4) орындық;

      5) шкаф;

      6) керует жанындағы үстелше.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

АӘҚКО-ның жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады































      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері:

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық басшысы/басшы орынбасары

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның өкілі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медицина бөлімшесінің меңгерушісі*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың бухгалтері*

      __________ ______________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АӘҚКО-ға мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

АӘҚКО-ның жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану бойынша шығыстарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

Р/с №

Адамның немесе қамқорлыққа алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шығыстар жүргізілген күн

Шығыстардың түрі (сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі, олардың саны, көлемі)

Шығыстар сомасы, теңге

Қаражатты пайдалану тәсілі (қолма-қол/қолма- қол емес)

Негіздеме (құжат, нөмірі және күні)





























  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адамдардың және қамқорлыққа алынған адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы ЕСЕП

      Ұсынылады: Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналыстырылған: www.enbek.gov.kz

      Есепті кезең 20___ жылғы ________

      Индекс: 1-АЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшылары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

      Теңге

Р/с №

Есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы

Есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

1

2

3

4

5






      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы____________

      __________________________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бухгалтері ___________

      ___________________________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының атауы _______________

      ___________________________________________________________________

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      М.О. 20___ жылғы "___" ________

      Ескертпе: "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс 1-АЗТМӘЖП, кезеңділігі ай сайын)

      1. "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталық басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталықтарының
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Қамқорлыққа алынған адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы ЕСЕП

      Ұсынылады: Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналыстырылған: www.enbek.gov.kz

      Есепті кезең 20___ жылғы _ _______

      Индекс: 2-ҚЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшылары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

      Теңге

Р/с №

Қамқорлыққа алынған адамдар тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Есепті кезеңнің басына Қамқорлыққа алынған адамның банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілген шығыстар сомасы

Есепті кезеңнің аяғына қамқорлық тағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

 
Барлығы

оның ішінде

қолма-қол ақшаны пайдалана отырып

қолма- қол ақшасыз

1

2

3

4

5

6

7

8










ЖИЫНЫ:







      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы _____________

      ____________________________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бухгалтері ____________

      ____________________________________________________________________

      (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының атауы ________________

      ____________________________________________________________________

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      М.О. 20___ жылғы "___" ________

      Ескертпе: "Қамқорлыққа алынған адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      "Қамқорлыққа алынған адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс 2-ҚЗТМӘЖП, кезеңділігі ай сайын)

      1. "Қамқорлыққа алынған адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталық басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында қамқорлыққа алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басына қамқорлыққа алынған адамның банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақшасыз сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңнің аяғына қамқорлыққа алынған адамның банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      11. Арифметикалық-логикалық бақылау: 5-баған 6-7-бағандардың қосындысына тең.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 174 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген).

      2. "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17190 болып тіркелген).

      3. "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 269 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23784 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады