ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Өткелдердің барлық жайластырылуы осы Қағидалардың, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) бекітілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі – ЖЖҚ) талаптарына сәйкес келеді.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Пойыздың, локомотивтің немесе дрезинаның өтуі кезінде өткел бойынша кезекші мынадай жағдайларда тоқтау сигналын береді:
1) егер өтетін пойызда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулық байқалса: юзбен жүретін немесе жүгірткілерге, өртке, букстердің жануына, пойыздан адамның немесе жүктің құлау қаупі.
Юзбен келе жатқан немесе жүгірткісі бар доңғалақ жұбы табылған поезд жүріп өткеннен кейін өткел бойынша кезекші бұл туралы станция бойынша кезекшіге (пойыз диспетчеріне), жол шеберіне (жол бригадиріне) жедел хабарлайды және ол қызмет көрсететін учаске шегінде жолды тұтас қарап тексеруді жүргізеді;
2) егер екі жолды сызықтың дұрыс емес жолы бойынша келе жатқан пойыздың басында орнатылған сигналдар болмаса;
3) егер бір пойыз екіншісіне бір жол бойынша қарама-қарсы келе жатқаны байқалса немесе бір пойыз екіншісін, дрезинаны немесе жол вагоншысын жақындатса (соңғы жағдайда тоқтау сигналы тек жақындап келе жатқан пойызға беріледі);
4) егер пойыздан немесе жолдан машинистке тоқтау сигналдарын берсе, ал пойыз қозғалысты жалғастырса;
5) қозғалысқа қауіп төндіретін бөлу жолағындағы өрт кезінде;
6) қозғалыс қауіпсіздігіне және адамдардың өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда жүзеге асырылады.
Пойызда байқалған ақаулар туралы өткел бойынша кезекші пойыз машинисіне радиобайланыс арқылы, сондай-ақ телефон арқылы станция бойынша кезекшіге (пойыз диспетчеріне) жедел хабарлайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2024 жылғы 4 желтоқсанда қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі