БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, жөніндегі қағидаларда:
"
90-топ | Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәлдік, медициналық немесе хирургиялық құралдар мен аппараттар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары, төменде қолданылатын ережелер көрсетілген, келесі тауарлардың тауарлары қоспағанда: 9019 20 000 0, 9020 00 000 0, 9022 | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
90-топ |
Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәлдік, медициналық немесе хирургиялық құралдар мен аппараттар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары, | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауға тиiс |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "
9018 12 000 0 | Ультрадыбыстық сканерлеу аппараты |
Ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспайтын дайындау немесе келесі шарттарды орындау: |
";
"
9022 | Рентгенографиялық немесе радиотерапевтiк аппаратураны, рентгендiк түтiктердi және басқа да рентгендiк сәулелену генераторларын, кернеуi жоғары қысымды генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерiн, экрандарды, тексеруге немесе емдеуге арналған үстелдердi, креслоларды және ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, рентгендiк, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленудi пайдалануға негiзделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалану үшiн арналған немесе арналмаған аппаратура | Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиiс |
";
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9022 |
Рентгенографиялық немесе радиотерапевтiк аппаратураны, рентгендiк түтiктердi және басқа да рентгендiк сәулелену генераторларын, кернеуi жоғары қысымды генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерiн, экрандарды, тексеруге немесе емдеуге арналған үстелдердi, креслоларды және ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, рентгендiк, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленудi пайдалануға негiзделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалану үшiн арналған немесе арналмаған аппаратура, олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын | Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиiс |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
9022 12 000 0 | Компьютерлік томографтар |
Ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 70%-ынан аспайтын дайындау немесе мынадай шарттарды орындау: |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі