"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында әрбір тәулік үшін болу құнынан туристік жарна мөлшерлемелері 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Е. Каналимов |