"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 Бұйрығымен бекітілген |
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
3) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар;
6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары (бұдан әрі – операторлар) – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар;
7) шетелдіктер үшін туристік жарна – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.
2-тарау. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі
3. Шетелдіктер үшін туристік жарна (туристік – жарна) туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады (бұдан әрі – орналастыру орындары).
Төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді.
Туристік жарнаны төлеушілер, шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) болып табылады.
4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.
5. Туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка қолданылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 27.12.2023 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзекті статистикалық деректер негізінде айқындалады.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ жылына екі реттен жиі емес, маусымдыққа байланысты туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгертуге рұқсат беріледі.
7. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 27.12.2023 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 27.12.2023 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 27.12.2023 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Туристік жарнаны алуды операторлар шетелдіктерді орналастыру орындарында тіркеу сәтінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Бұл ретте, орналастыру орындарында тіркеуден алдын алынатын операторлар шетелдіктерді немесе шетелдік үшін туристік жарнаны төлейтін тұлғаларды туристік жарна туралы хабардар етеді.
11. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеген шетелдіктерге немесе жеке, немесе заңды тұлғаларға шетелдіктер орналасқан жерінен кеткен кезде операторлар туристік жарнаның төлеу фактісін растайтын құжат береді.
12. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 11-бабының 5-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қала, астана және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтық емес түсімдер болып табылады.
13. Операторлар төленген туристік жарнаның есебін жүргізеді және тоқсан сайынғы есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей туристік жарнадан алынған сомаларды жергілікті бюджетке аударады.
14. Жергілікті атқарушы орган туристерді өздерінің әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ ортақ болу орындарында (вокзалдарда, әуежайларда) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде туристік жарна төлеу қажеттілігі туралы хабардар етеді.