Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1362-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшада:
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар.";
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
1) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
2) ағаш діңін ақтау;
3) бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
4) шөп шабу, арамшөптерді жою;
5) жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
6) бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
7) ағаш тәжін тәждеу;
8) ағаштардың тәжін қалыптастыру;
9) қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
10) апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
11) тыңайтқыштарды қолдану;
12) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
13) қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";
58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Е. Каналимов |