Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 502-239 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 1369-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 42) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 30 қаңтардағы
№ 502-239 қаулысына
қосымша

Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласында жазғы алаңдарды орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және Астана қаласының аумағында жазғы алаңдарды орнату тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) аумақты абаттандыру элементтері – абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде пайдаланылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік шешімдер, ландшафт элементтері, жабдықтар мен ресімдеудің түрлері, шағын сәулет объектілері, стационарлық емес құрылыстар, сыртқы жарнама және ақпарат, сондай-ақ қалалық орта субъектілерін ұйымдастыру жүйесі;

      2) жазғы алаң – қоғамдық тамақтану объектісіне тікелей іргелес, тамақтануға және тұтынушылардың демалысына (немесе онсыз) қосымша қызмет көрсетуге арналған, жеңіл салынатын уақытша құрылымнан (терраса, дәліз, шығарылатын үстелдер) тұратын, жылытылмаған күрделі құрылыс объектісі болып табылмайтын аумақты абаттандыру элементі;

      3) жазғы алаңдардың дизайн коды – бұл қалалық кеңістік көрнекі элементтерінің міндетті құрамдас бөлігін: абаттандыру, маңдайшалар, көрсеткіштер, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған жазғы алаңдардың басқа элементтерін реттейтін ережелер жиынтығы;

      4) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      5) қасбеттердің сәулеттік элементтері – ғимараттың (құрылыстардың) сыртқы қабырғаларын безендіретін бөлшектер;

      6) қоғамдық тамақтану объектісі – тамақ өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді, өткізуді және тұтынуды, оның ішінде оны тұтынуға арналған орындарды ұсынумен ұйымдастыру жөніндегі объект.

      Қоғамдық тамақтану обектілері мынадай санаттарға бөлінеді:

      мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделі астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі;

      дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес астың түр-түрін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі;

      бар – тұтынушыларға тіске басар, десерт және кондитерлік тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс обектісі;

      асхана – тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;

      7) сәулет істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және урбанистика саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі;

      8) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың теңгеріміндегі, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша бес метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

2-тарау. Жазғы алаңдарды орнату тәртібі

      3. Астана қаласының аумағында жазғы алаңдарды орнату Қазақстан Республикасының тұрғын үй, жер қатынастары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, сауда қызметін реттеу, өрт қауіпсіздігі заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      4. Көппәтерлі тұрғын үйлердің жанына жазғы алаңдарды орнату үшін мүдделі кәсіпкерлік субъектілері жазғы алаңды "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабында және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелді) көзделген тәртіппен келіседі.

      5. Басқа аумақтарда жазғы алаңдарды орнату үшін мүдделі кәсіпкерлік субъектілері жазғы алаңды орнатуды, олар болған жағдайда, жер учаскесінің басқа тең иелерімен келіседі.

      6. Жазғы алаңда сындарлы өзгерістер болған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері енгізілетін өзгерістерді, Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген тәртіппен сәулет істері жөніндегі уәкілетті органмен бес жұмыс күн ішінде келіседі.

      7. Жазғы алаңдарды орнату кезінде кәсіпкерлік субъектілері пайдаланушы ұйымдардың бірінші талабы бойынша инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      8. Жазғы алаңдарды топырақ беттерінің үстіне және шөп жамылғысының (көгалдың) үстіне орнатуға технологиялық төсем ұйымдастырылған жағдайда жол беріледі.

      9. Қоғамдық тамақтандыру объектісінің жанында жазғы алаңдарды орнатуға қоғамдық тамақтандыру объектісіне тікелей кіру (шығу) болған кезде жол беріледі.

      10. Жазғы алаңдарды көшелердің, даңғылдардың, аллеялардың, өткелдердің, алаңдардың, жолдардың, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының шекарасынан тыс орнатылады.

      11. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің иелері, меншік иелері тарапынан ғимараттардың қасбеттерінің сәулеттік элементтері, құрылыстардың, имараттардың, террасалардың өзгермеген жағдайда, жазғы алаңдар объектіге іргелес аумақта орнатылады.

      Бұл талап басқа адамдар ғимараттардың, құрылыстардың, террасалардың қасбеттерінің сәулеттік элементтері өзгерген жағдайда жазғы алаңдарға қолданылмайды.

      12. Жазғы алаңдарды орнатуға жол берілмейді:

      1) ғимараттардың аркаларында, гүлзарларда, алаңдарда (балалар, демалыс, спорттық, қалалық көлік тұрақтары);

      2) қалалық жолаушылар көлігінің аялдама пункттерінде, сондай-ақ отырғызу алаңдарының шекарасынан 20 метр жақын жерде;

      3) жерасты, жер үсті және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінен бес метрге жақын;

      4) тұрғын үйлердің және олардың кіріктірілген-жапсарлас салынған орын үй-жайларының пайдаланылмайтын шатырларында, сондай ақ тұрғын үйлердің ішкі аулаларында;

      5) ағаштардың, бұталардың діңдерінің айналасында немесе олардың үстінде жайластырылатын және олардың тәждерінің, діңдерінің тікелей жазғы алаңның ішіне толық немесе ішінара жабылуына әкеп соғатын құрылымдарды (жабдықтарды) пайдалана отырып;

      6) тұрғын емес ғимараттардың бірінші қабаттарынан жоғары орналасқан және жеке кіреберісі жоқ қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жер учаскелерінде;

      7) темір жол өтпелері мен автомобиль эстакадаларының, көпірлердің астында;

      8) егер жазғы алаңды орнату өрт, авариялық-құтқару техникасының еркін кіруіне немесе инженерлік инфрақұрылым объектілеріне (энергиямен жабдықтау және жарықтандыру объектілері, құдықтар, крандар, гидранттар) кіруге кедергі келтірген жағдайда.

      13. Жазғы алаңдарды жайластыру халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып (пандустарды, тұтқаларды, арнайы тактильді және сигналдық таңбаларды пайдалану арқылы) жүзеге асырылады.

      14. Қағидалармен реттелмеген жазғы алаңдарды орнату тәртібі бойынша өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен регламенттеледі.

      ____________________________

Об утверждении Правил установки летних площадок в городе Астане

Постановление акимата города Астаны от 30 января 2024 года № 502-239. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 31 января 2024 года № 1369-01

      В соответствии с подпунктом 42) статьи 9 Закона Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила установки летних площадок в городе Астане согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление по инвестициям и развитию предпринимательства города Астаны" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Астаны;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Астаны после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Астаны.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Астаны Ж. Қасымбек

  Приложение
к постановлению акимата
города Астаны
от 30 января 2024 года № 502-239

Правила установки летних площадок в городе Астане

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установки летних площадок в городе Астане (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 42) статьи 9 Закона Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан" и определяют порядок установки летних площадок на территории города Астаны.

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) элементы благоустройства территории – декоративные, технические, планировочные, конструктивные решения, элементы ландшафта, различные виды оборудования и оформления, малые архитектурные формы, нестационарные сооружения, наружная реклама и информация, используемые как составные части благоустройства, а также система организации субъектов городской среды;

      2) летняя площадка – это элемент благоустройства территории, не являющийся объектом капитального строительства, из легковозводимой временной конструкции (терраса, веранда, выносные столики), неотапливаемый и предназначенный для дополнительного обслуживания питанием и организации отдыха потребителей (или без него), непосредственно примыкающий к объекту общественного питания;

      3) дизайн-код летних площадок – это свод правил, регламентирующих обязательную визуальную составляющую элементов городского пространства: благоустройства, вывесок, указателей, малых архитектурных форм и других элементов летних площадок, направленных на формирование целостной эстетичной архитектуры, комфортной, доступной и безопасной городской среды;

      4) субъекты предпринимательства – это граждане, кандасы и негосударственные коммерческие юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность (субъекты частного предпринимательства), государственные предприятия (субъекты государственного предпринимательства);

      5) архитектурные элементы фасадов – детали, украшающие внешние стены здания (сооружений);

      6) объект общественного питания – объект по производству, переработке, реализации и организации потребления пищевой продукции, в том числе с предоставлением мест для ее потребления.

      Объекты общественного питания подразделяются на следующие категории:

      ресторан – объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд сложного приготовления, включая заказные и фирменные, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;

      кафе – объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд несложного приготовления, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;

      бар – объект общественного питания и отдыха, предлагающий потребителям закуски, десерты и кондитерские изделия, а также алкогольную продукцию;

      столовая – объект общественного питания с самостоятельным обслуживанием потребителей;

      7) уполномоченный орган по делам архитектуры – структурное подразделение акимата города Астаны, осуществляющее функции в сфере архитектурной, градостроительной деятельности, урбанистики;

      8) прилегающая территория – территория (в границах пяти метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и иным объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у юридических или физических лиц.

Глава 2. Порядок установки летних площадок

      3. Установка летних площадок на территории города Астаны производится в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в сфере жилищных, земельных отношений, санитарно-эпидемиологического контроля, регулирования торговой деятельности, пожарной безопасности.

      4. Для установки летних площадок при многоквартирных жилых домах заинтересованные субъекты предпринимательства согласовывают установку летней площадки с собственниками квартир и нежилых помещений в порядке, предусмотренном статьей 42-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 163 "Об утверждении Правил принятия решений по управлению объектом кондоминиума и содержанию общего имущества объекта кондоминиума, а также типовые формы протоколов собрания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20283).

      5. Для установки летних площадок на других территориях заинтересованные субъекты предпринимательства согласовывают установку летней площадки с другими совладельцами земельного участка, в случае их наличия.

      6. В случае конструктивных изменений летней площадки субъекты предпринимательства согласовывают вносимые изменения в порядке, предусмотренном пунктами 4 и 5 Правил, с уполномоченным органом по делам архитектуры в течение пяти рабочих дней.

      7. При установке летних площадок субъекты предпринимательства обеспечивают доступ к объектам инженерной инфраструктуры по первому требованию эксплуатирующих организаций.

      8. Установка летних площадок над грунтовыми поверхностями и травяным покровом (газоном) допускается при условии организации технологического настила.

      9. Установка летних площадок возле объекта общественного питания допускается при наличии прямого доступа (выхода) к объекту общественного питания.

      10. Летние площадки устанавливаются вне границ улиц, проспектов, аллей, переулков, площадей, дорог, пешеходных и велосипедных дорожек.

      11. Летние площадки устанавливаются на прилегающей к объекту территории, при условии отсутствия изменений архитектурных элементов фасадов зданий, строений, сооружений, террас со стороны владельцев, собственников объектов общественного питания.

      Данное требование не распространяется на летние площадки в случае изменения архитектурных элементов фасадов зданий, строений, сооружений, террас другими лицами.

      12. Не допускается установка летних площадок:

      1) в арках зданий, на цветниках, площадках (детских, отдыха, спортивных, городских транспортных стоянок);

      2) на остановочных пунктах городского пассажирского транспорта, а также ближе 20 метров от границ посадочных площадок;

      3) ближе пяти метров от подземных, наземных и надземных пешеходных переходов;

      4) на неэксплуатируемых крышах жилых домов и их встроенно-пристроенных помещений, а также во внутренних дворах жилых домов;

      5) с использованием конструкций (оборудования), обустраиваемых вокруг стволов деревьев, кустарников или над ними и приводящих к полному или частичному заключению их крон, стволов непосредственно внутрь летней площадки;

      6) на земельных участках при объектах общественного питания, расположенных выше первых этажей нежилых зданий и не имеющих отдельного входа;

      7) под железнодорожными путепроводами и автомобильными эстакадами, мостами;

      8) в случае, если установка летней площадки препятствует свободному подъезду пожарной, аварийно-спасательной техники или доступу к объектам инженерной инфраструктуры (объекты энергоснабжения и освещения, колодцы, краны, гидранты).

      13. Обустройство летних площадок осуществляется с учетом необходимости обеспечения доступности для маломобильных групп населения (путем использования пандусов, поручней, специальных тактильных и сигнальных маркировок).

      14. Иные вопросы по порядку установки летних площадок, не урегулированные Правилами, регламентируются законодательными актами Республики Казахстан.