Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 503-2647 "Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1364-01) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулыға байланысты Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 15 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынуға тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындау бақылауын Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |