Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26645 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | Б.Абдрахманов |