"Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № А-11/218 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қарашада № 8850-03 болып тіркелді

      Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26645 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б.Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады