Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № а-12/275 "Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруорындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25960 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | С.Балжанов |