Ескерту. Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № а-10/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № а-10/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Есіл ауданы әкімінің қадағалау орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | Е.Баяхметов |
Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № а-12/275 қаулысына қосымша |
Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Қызмет саласы | Алатын алаңы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым |
1 | Есіл қаласы, Төле би көшесі 11, Рысбек Мырзашев көшесіндегі № 48 үй аумағында | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар |
5 шаршы метрден | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
2 | Есіл қаласы, Абылай хан көшесі, 13 және 15 үйдің арасында | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар |
5 шаршы метрден | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |