Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 8С-17/13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 маусымда № 8773-03 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 тіркелген) сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8354 болып тіркелген);

      2) "Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 "Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С-2/13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8563-03 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова

  Бурабай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 8С-17/13 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Бурабай ауданында тұратындарға:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр алынады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде 30 (отыз) шаршы метр алынады.

      Электр энергиясын тұтыну нормасы айына бір адамға 100 (жүз) киловатт мөлшерінде белгіленді.

      5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.

      8. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бурабайском районе

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20 июня 2024 года № 8С-17/13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 июня 2024 года № 8773-03

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Бурабайском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Бурабайского районного маслихата:

      1) решение Бурабайского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бурабайском районе" от 2 февраля 2021 года № 7С-2/1 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8354);

      2) решение Бурабайского районного маслихата "О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 2 февраля 2021 года № 7С-2/1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бурабайском районе" от 28 апреля 2023 года № 8С-2/13 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8563-03).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бурабайского районного маслихата М.Нурпанова

  Приложение к решению
Бурабайского районного маслихата
от 20 июня 2024 года
№ 8С-17/13

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Бурабайском районе Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Бурабайском районе, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем согласно приказу Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели в размере 10 (десяти) процентов к совокупному доходу услугополучателя.

      За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на одного человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 30 (тридцать) квадратных метров.

      Норма потребления электрической энергии определена в размере 100 (сто) киловатт в месяц на одного человека.

      5. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" или веб - портал "электронного правительства" согласно Правилам.

      7. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход услогополучателя и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.

      8. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателю.

      9. Назначение жилищной помощи услугополучателю осуществляется в пределах средств, предусмотренных в районном бюджете на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета услугополучателей.