"Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 27 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 266 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте № 8631-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2- тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26768 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

О признании утратившим силу постановления акимата Актюбинской области от 9 февраля 2022 года № 27 "Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области"

Постановление акимата Актюбинской области от 19 сентября 2024 года № 266. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 24 сентября 2024 года № 8631-04

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Актюбинской области от 9 февраля 2022 года № 27 "Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 26768).

      2. Государственному учреждению "Управление внутренней политики Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области А. Шахаров