"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Ойыл ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округінің Ойыл ауылының құрамына енгізіле отырып, Ойыл ауылдық округінің Екпетал ауылы таратылсын.
Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округінің Ойыл ауылының шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 3 536 гектар таратылатын Екпетал ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.
Ойыл ауылдық округінің Ойыл ауылының шекарасы жалпы ауданы 34 650 гектар болып белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері Ойыл ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ойыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.
4. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |