Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 172 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 маусымда № 8588-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1–қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының төрағасы
А. Даржанова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 172 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда, Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстарының үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының деңгейi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 3-тарауымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды және келесідей құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      "электрондық үкіметтің" веб-порталына:

      1) аз қамтылған отбасының (азаматтың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі–ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      3) жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      4) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      5) банктік шотының электрондық көшірмесі;

      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      6. Тұрғын үй көмегін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      7. Осы Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 5-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      8. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      9. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      11. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден мынадай негіздер бойынша:

      1) тұрғын үй көмегін алу үшін аз қамтылған отбасы (азамат) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) және (немесе) тұрғын үй көмегін көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда;

      3) аз қамтылған отбасыға (азаматқа) қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) аз қамтылған отбасыға (азаматқа) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде аз қамтылған отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда бас тартады.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған Ақтөбе қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, тұрғын үйдің жалпы алаңының кемiнде 30 (отыз) шаршы метрлік мөлшерiнде.

      2) тұтынушыларға 1 ай электр қуатын пайдалану нормасы:

      1 адамға – 70 киловатт;

      2 адамнан – 5 адамдарға дейін – 100 киловатт;

      5 және одан да көп адамдарға – 150 киловатт.

      15. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, уәкілетті орган шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      Уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен аз қамтылған отбасының (азаматтың) шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарайтын органның мекенжайына келіп түскен аз қамтылған отбасының (азаматтың) шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

      16. Осы Ақтөбе қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      17. Тұрғын үй көмегінің артық төленген сомалары ерікті тәртіппен қайтарылуға жатады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 172 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген);

      2. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2019 жылғы 28 наурыздағы № 427 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген);

      3. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 9 қазандағы № 586 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7553 болып тіркелген);

      4. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 5 наурыздағы № 23 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8097 болып тіркелген);

      5. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 20 маусымдағы № 32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген);

      6. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 111 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8477 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актобе

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 30 мая 2024 года № 172. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 июня 2024 года № 8588-04

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763), маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актобе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата города Актобе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Актобе А. Даржанова

  Приложение 1 к решению
маслихата города Актобе
от 30 мая 2024 года № 172

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актобе

      1. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Актобе" (далее – уполномоченный орган).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (гражданина), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимого уровня расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пять) процентов.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченной семьи (гражданина) на эти цели.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      4. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемым главой 3 приказа Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).

      5. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства".

      Для получения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) направляет в уполномоченный орган через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию заявление о назначении жилищной помощи, по форме согласно приложению 1 к Правилам и предоставляет следующие документы:

      в Государственную корпорацию:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      3) документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справка с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) сведения об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковский счет;

      7) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанцию–счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      10) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;

      на веб–портал "электронного правительства":

      1) запрос в форме электронного документа, удостоверенный электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) малообеспеченной семьи (гражданина);

      2) электронная копия документов, подтверждающих доходы семьи;

      3) электронная копия справки с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица;

      4) электронная копия сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      5) электронная копия банковского счета;

      6) электронную копию счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      7) электронную копию счета на потребление коммунальных услуг;

      8) электронную копию квитанцию–счет за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи;

      9) электронную копию счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      6. Перечень основных требований к оказанию жилищной помощи предусмотрен в приложении 2 к Правилам.

      7. Истребование документов, не предусмотренных пунктом 5 настоящего Размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актобе, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, уполномоченный орган получает посредством информационных систем.

      8. При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы за истекший квартал перед обращением, за исключением, предусмотренного пунктом 11 настоящего Размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актобе.

      9. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально–защищаемым гражданам, осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      10. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      11. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных малообеспеченной семьей (гражданином) для получения жилищной помощи, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие малообеспеченной семьи (гражданина) и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания жилищной помощи, требованиям, установленным в Правилах;

      3) в отношении малообеспеченной семьи (гражданина) имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      4) в отношении малообеспеченной семьи (гражданина) имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого малообеспеченная семья (гражданин) лишен специального права, связанного с получением жилищной помощи.

      12. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Актобе на соответствующий финансовый год.

      13. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      14. Назначение жилищной помощи производится в соответствии нижеследующим нормами:

      1) норма площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами составляет восемнадцать квадратных метров полезных площади на человека. Для одиноко проживающих граждан не менее 30 (тридцать) квадратных метров от общей площади жилища.

      2) норма потребления электрической энергии для потребителей в месяц:

      на 1 человека - 70 киловатт;

      на 2-х до 5 человек - 100 киловатт;

      на 5-х и более человек - 150 киловатт.

      15. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания жилищной помощи производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается уполномоченному органу и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно–процессуального кодекса Республики Казахстан, уполномоченный орган, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      Жалоба уполномоченным органом не направляется в орган, рассматривающий жалобу (вышестоящий административный орган и (или) должностное лицо), в случае принятия в течение 3 (трех) рабочих дней благоприятного акта, совершения административного действия, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба малообеспеченной семьи (гражданина), поступившая в адрес уполномоченного органа, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба малообеспеченной семьи (гражданина), поступившая в адрес органа, рассматривающего жалобу, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке. В случае, если законом предусмотрена возможность обращения в суд без необходимости обжалования в вышестоящем органе, административный орган, должностное лицо, административный акт, административное действие (бездействие) которых оспариваются, наряду с отзывом представляют в суд мотивированную позицию руководителя вышестоящего административного органа, должностного лица.

      16. Отношения неурегулированные настоящим Размером и порядком оказания жилищной помощи в городе Актобе регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      17. Излишне выплаченные суммы жилищной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

  Приложение 2 к решению
маслихата города Актобе
от 30 мая 2024 года № 172

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата города Актобе

      1. Решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-1-181);

      2. Решение маслихата города Актобе от 28 марта 2019 года № 427 "О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6042);

      3. Решение маслихата города Актобе от 9 октября 2020 года № 586 "О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7553);

      4. Решение маслихата города Актобе от 5 марта 2021 года № 23 "О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8097);

      5. Решение маслихата города Актобе от 20 июня 2023 года № 32 "О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8369);

      6. Решение маслихата города Актобе от 14 декабря 2023 года № 111 "О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8477).