Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 172 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:
10-тармақтың 9)-тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"9) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 33200 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |