Байғанин ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 149 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 8575-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Сержан

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2024 год по Байганинскому району

Решение Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 12 апреля 2024 года № 149. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 апреля 2024 года № 8575-04

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110), Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2024 год в местах размещения туристов в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Байганинского
районного маслихата
М. Сержан