Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 180 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 маусымда № 8590-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Сержан

  Байғанин аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
5 маусымдағы № 180 шешіміне
қосымша

Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда, Байғанин ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және көп дегенде 18 (он сегіз) шаршы метрден пайдалы алаңы аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақхана бөлмесі мөлшерінде аудан нормасы қабылданады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 3 тарауымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды және келесідей құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      "электрондық үкіметтің" веб-порталына:

      1) аз қамтылған отбасының (азаматтың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі–ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      3) жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      4) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      5) банктік шотының электрондық көшірмесі;

      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      6. Осы Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 4 тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 10 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      8. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) тұрғын үй көмегін алу үшін аз қамтылған отбасы (азамат) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) және (немесе) тұрғын үй көмегін көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) аз қамтылған отбасыға (азаматқа) қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) аз қамтылған отбасыға (азаматқа) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде аз қамтылған отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

      13. Төлем тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 20 (жиырмасыншы) күнінен кейін жүргізіледі.

      14. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды, толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, уәкілетті орган шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      Уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен аз қамтылған отбасының (азаматтың) шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарайтын органның мекенжайына келіп түскен аз қамтылған отбасының (азаматтың) шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

      15. Осы Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе

Решение Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 5 июня 2024 года № 180. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 июня 2024 года № 8590-04

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763), Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Байганинском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Байганинского
районного маслихата
М. Сержан

  Приложение к решению
Байганинского районного
маслихата от 5 июня 2024 года
№ 180

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Байганинском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории Байганинского района, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пяти) процентов.

      Жилищная помощь оказывается на бесплатной основе малообеспеченным семьям (гражданам). Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Байганинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – уполномоченный орган).

      2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемым главой 3 приказа Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).

      4. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства".

      Для получения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) направляет в уполномоченный орган через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию заявление о назначении жилищной помощи, по форме согласно приложению 1 к Правилам и предоставляет следующие документы:

      в Государственную корпорацию:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      3) документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справка с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) сведения об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковский счет;

      7) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанцию–счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      10) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;

      на веб–портал "электронного правительства":

      1) запрос в форме электронного документа, удостоверенный электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) малообеспеченной семьи (гражданина);

      2) электронная копия документов, подтверждающих доходы семьи;

      3) электронная копия справки с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица;

      4) электронная копия сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      5) электронная копия банковского счета;

      6) электронную копию счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      7) электронную копию счета на потребление коммунальных услуг;

      8) электронную копию квитанцию–счет за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи;

      9) электронную копию счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      5. Перечень основных требований к оказанию жилищной помощи предусмотрен в приложении 2 к Правилам.

      6. Истребование документов, не предусмотренных пунктом 4 настоящего Размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      7. При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы за истекший квартал перед обращением, за исключением, предусмотренного пунктом 10 настоящего Размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе.

      8. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально–защищаемым гражданам, осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб–портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      10. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных малообеспеченной семьей (гражданином) для получения жилищной помощи, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие малообеспеченной семьи (гражданина) и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания жилищной помощи, требованиям, установленным в Правилах;

      3) в отношении малообеспеченной семьи (гражданина) имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      4) в отношении малообеспеченной семьи (гражданина) имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого малообеспеченная семья (гражданин) лишен специального права, связанного с получением жилищной помощи.

      11. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      12. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      13. Выплата производится ежеквартально после 20 (двадцатого) числа последнего месяца квартала.

      14. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания жилищной помощи производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается уполномоченному органу и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно–процессуального кодекса Республики Казахстан, уполномоченный орган, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      Жалоба уполномоченным органом не направляется в орган, рассматривающий жалобу (вышестоящий административный орган и (или) должностное лицо), в случае принятия в течение 3 (трех) рабочих дней благоприятного акта, совершения административного действия, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба малообеспеченной семьи (гражданина), поступившая в адрес уполномоченного органа, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба малообеспеченной семьи (гражданина), поступившая в адрес органа, рассматривающий жалобу подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке. В случае, если законом предусмотрена возможность обращения в суд без необходимости обжалования в вышестоящем органе, административный орган, должностное лицо, административный акт, административное действие (бездействие) которых оспариваются, наряду с отзывом представляют в суд мотивированную позицию руководителя вышестоящего административного органа, должностного лица.

      15. Отношения неурегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи в Байганинском районе регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.