Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШТIМ:
1. Байғанин ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 "Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Қаратөбе" кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6366 болып тіркелген) шешімі;
2) Байғанин ауданы әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 11 "Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 "Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Қаратөбе" кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7347 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |