Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 26.08.2024 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 "Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Қаратөбе" кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6366 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения "Каратобе" Жаркамысского сельского округа Байганинского района", қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | К. Утаров |