Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |