Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7498 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |
Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 115 шешіміне қосымша | |
Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 шешіміне 2 қосымша |
Ырғыз ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) темір жол, су, автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр.