Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 14 қазандағы № 380 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 7543 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Ергалиев |
Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 164 шешіміне 2 қосымша |
|
Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 380 шешіміне 2 қосымша |
Қобда ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында - 800 метр;
2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр.