Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 14 қазандағы № 380 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 164 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 8539-04 болып тіркелді

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 14 қазандағы № 380 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 7543 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

  Қобда аудандық мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 164 шешіміне 2 қосымша
  Қобда аудандық мәслихатының
2020 жылғы 14 қазандағы
№ 380 шешіміне 2 қосымша

Қобда ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарында - 800 метр;

      2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

      5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады