Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 181 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 шілдеде № 8604-04 болып тіркелді

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8459 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ергалиев

О внесении изменения в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе"

Решение Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 28 июня 2024 года № 181. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 июля 2024 года № 8604-04

      Кобдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кобдинского районного маслихата от 7 декабря 2023 года № 92 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8459) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе, утвержденным указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кобдинского
районного маслихата
Ж. Ергалиев