Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 "Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібінің 2 тармағының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.";
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Көлкебаев |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 149 шешіміне қосымша |
|
Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 шешіміне 2 қосымша |
Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;
2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.