Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 137 "Ойыл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28020 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға екі айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Займолдин |