Шалқар ауданы бойынша 2025 жылға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 389 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 8677-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданы бойынша 2025 жылға туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка бекітілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Шамбалаев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Шалкарскому району

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 30 декабря 2024 года № 389. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 31 декабря 2024 года № 8677-04

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственным управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110), Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов на 2025 год по Шалкарскому району в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
Ж. Шамбалаев