Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 278 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6024-05 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 41 қаулысына қосымша |
№ | Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің атауы |
Су объектілерінің | |
1 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-070-545; 03-045-093-209; 03-045-093-200; 03-045-227-005) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
2 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-169, 03-045-093-911) Ұзынқарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
3 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-227-539) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
4 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-260) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауының) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
5 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-047-227-027, 03-047-227-057, 03-047-227-058, 03-047-227-059, 03-047-227-111, 03-047-227-118) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 90-200 | 35 |
6 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-193-018) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 550 | 55 |
7 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-332) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
8 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-196-077) Қаскелең өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 100 |
9 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-1037,03-045-099-303)Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
10 | Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-277-034 Ақсай өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |
11 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-193-236; 03-044-193-237) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 550 | 35 |
12 | Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-237-442, 03-044-237-424) Қаратұрық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері | 500 | 35 |