"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 64-340 "Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Байгоджаев |