"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Балқаш ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Балқаш ауданы әкімінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 05-01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28003 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Балқаш ауданының әкімі | А. Кутпанбетов |