Балқаш ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 05-01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 12 мамырда № 28003 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 05-01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 17.05.2024 № 05-01 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Балқаш ауданының Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Ақкөл ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. Токпеисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады