Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107-05 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың төрағасы | М. Амиргалиев |