Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 22-115 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 6162-05 болып тіркелді

      Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107-05 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:


      "9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:


      "11. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихаттың төрағасы М. Амиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады