"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5817 тіркелген);
2) "Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 30 қарашадағы № VIII-11-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6053-05 тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Ахметов |