Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 14 желтоқсанда № 5817 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № VIII-18-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 26.03.2024 № VIII-18-95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының "Әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. АБДЫКАДЫРОВА
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы А. Рустамбеков

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 30.11.2023 № VIII-11-49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде Ереженің 1-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      2. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Еңбекшіқазақ ауданында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3-1. Тұрғын үй көмегі "Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

      3-2. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      3-3. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-4. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Тәртіптің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      4-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      4-2. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      4-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      4-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      5. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      6. Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, кайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

      7. Артық төленген сомалары epiкті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      8. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      9. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес есептеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген).

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бip отбасы мүшесіне – пайдалы алаңның 18 шаршы метрі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бipaқ нақтыдан асырмай.

      11. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.

      12. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтерін қызмет жеткізуші ұсынады.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі:

      1) газ тұтыну – сұйытылған газ орталықтандырылған газбен жабдықталған жағдайда – нақты шығындар бойынша, айына әр отбасы мүшесіне 7 килограммнан, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін 20 килограммнан аспайтындай, есептеу құралдары болған жағдайда көрсеткіштері бойынша, айына әр отбасы мүшесіне 2,3 текше метр, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін 6,6 текше метр, бipaқ колданыстағы нормалардан аспауы керек, пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасына айына 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      тағам дайындау үшін 1 адамға тауарлық газ – 10 текше метр;

      тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылытуға тауарлық газ – 7 текше метр;

      2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға – бір айға 70 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – бip айға 250 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      4) кәріз – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – ай сайын әр отбасы мүшесіне 150 теңге;

      6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға: 1 шаршы метрге – 15 теңге;

      7) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге – жылыту маусымына бip рет 4 тонна көмір.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтытынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      14. Қатты отынның, құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

4-тарау. Қаржыландыру және төлеу

      15. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Еңбекшіқазақ ауданының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      16. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді

      уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

5-тарау. Қорытынды

      17. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады