"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Ұйғыр ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 04-76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3176 болып тіркелген);
2) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы "Ұйғыр ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" № 08-239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3459 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жариянған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр ауданының әкімі | Б. Елеусизова |