Алатау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-45 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 6202-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Алатау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Алатау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау қаласы мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл, депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылық пен байланыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Абилова

  Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-45 шешіміне 1-қосымша

Алатау қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекеннің
атауы

Орналастыру үшін орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Алатау қаласы

Ынтымақ шағын ауданында Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысында орналасқан "Береке" дүкенінің автотұрақ алаңы

200 адам

-жарықтандыру
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету

2

Алатау қаласы

Жетіген шағын ауданында Абылай хан көшесі мен Райымбек батыр көшесінің қиылысындағы Орталық алаң

300 адам

-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету

  Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-45 шешіміне 2-қосымша

Алатау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды үйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар – Алатау қаласының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Алатау

Решение маслихата города Алатау Алматинской области от 27 декабря 2024 года № 14-45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 31 декабря 2024 года № 6202-05

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон), маслихат города Алатау РЕШИЛ:

      1. Определить прилагаемые:

      1) специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению в городе Алатау согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Алатау согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Определить границами расстояния не менее 800 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункту 5 статьи 9 Закона.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата города Алатау "По вопросам социальной защиты населения, труда, занятости, образования, здравоохранения, культуры, спорта и языка, депутатской этики, полномочий, соблюдения законности, правопорядка и связи с общественностью".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной организации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Р. Абилова

  Приложение 1 к решению маслихата города Алатау от 27 декабря 2024 года № 14-45

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению в городе Алатау

Наименование населенного пункта

Места для размещения

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

город Алатау

Площадка на парковочной зоне магазина "Береке" на пересечении улиц Аль-Фараби и Кожа Ахмета Яссауи в микрорайоне Ынтымақ

200 человек

- освещение
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации

2

город Алатау

Центральная площадь на пересечении Абылайхана и Райымбек батыра в микрорайоне Жетыген

300 человек

- вдоль маршрута имеется уличное освещение
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации

  Приложение 2 к решению маслихата города Алатау от 27 декабря 2024 года № 14-45

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Алатау

      Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний разработан согласно статье 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний – места общего пользования или маршруты следования, определенные местным представительным органом города Алатау для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющиеся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      Запрещается проведение собрания, митинга, демонстрации, шествия и пикетирования в нарушение Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона.